30.05.2012, 15:17 2439

Елбасы Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезіне қатысу үшін Астанаға келген Канаданың экс-Премьер-министрі Жан Кретьенді қабылдады

Кездесу барысында алда өтетін форумның күн тәртібі талқыланды, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылым мен мәдениет салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері қозғалды. Қазақстан Президенті Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі әртүрлі діни конфессия өкілдері үшін беделді алаңға айналғанын атап өтті.

Астана. 30-мамыр. Kazakhstan Today - Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезіне қатысу үшін Астанаға келген Канаданың экс-Премьер-министрі Жан Кретьенді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында алда өтетін форумның күн тәртібі талқыланды, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылым мен мәдениет салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері қозғалды. Қазақстан Президенті Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі әртүрлі діни конфессия өкілдері үшін беделді алаңға айналғанын атап өтті.

"Сіздің Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысқаныңыз біз үшін маңызды. Біздің Канадамен сауда-экономикалық байланысымыз жыл өткен сайын нығайып келеді. Қазақстандағы канадалық компаниялар инвестициясының көлемі 5 миллиард долларды құрайды. Біздің елімізде бірлескен кәсіпорындар, әсіресе ауыл шаруашылығы саласында көптеп ашылуда", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Жан Кретьен бұл оның Қазақстанға алтыншы сапары екенін айтып өтті.

"Бүгін мен Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысу үшін келдім. Мен діндер арасындағы диалог өте маңызды деп санаймын. Мұндай кездесулер ел ішінде тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін ғана емес, сондай-ақ мемлекеттер арасында достық қарым-қатынастарды орнықтыру үшін қажет. Менің көзқарасымша, Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өте пайдалы және жаһандануға ұмтылып отырған жағдайда тіпті қажет", - деп атап өтті Канаданың экс-Премьер-министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны