16.11.2015, 15:00 4185

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

Кездесу барысында Ұлттық банктіӊ қазіргі қызметіне және ақша-несие саясатына, елдегі қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету ісіне, сондай-ақ банктердіӊ экономиканыӊ нақты секторын несиелеуіне байланысты мәселелер талқыланды

Астана. 16 қараша. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Ұлттық банктіӊ қазіргі қызметіне және ақша-несие саясатына, елдегі қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету ісіне, сондай-ақ банктердіӊ экономиканыӊ нақты секторын несиелеуіне байланысты мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк қазақстандықтардыӊ теӊгеге деген сенімін қайта орнықтыру үшін шаралар қабылдап, экономиканы долларсыздандыру жұмыстарын жалғастыруы тиістігін атап айтты.

Ұлттық валютаныӊ еркін бағамы жағдайында халыққа төтенше ештеӊе болып жатпағанын түсіндіру қажет. Теӊгеге энергия тасымалдаушы өнімдердіӊ бағасыныӊ төмендеуі ықпал етуде, бұл - табиғи үдеріс. Сонымен қатар, инфляция деӊгейін, халықты әлеуметтік маӊызы бар тауарлармен қамтамасыз ету ісін қадағалап, әлеуметтік әлсіз топтарға көмек көрсету жағын қарастыру керек. Облыс әкімдері осы мәселелерді бақылауы тиіс, - деді Қазақстан Президенті, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі

Ұлттық банк төрағасы Қазақстанныӊ әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы қазіргі ахуалмен санасуға мәжбүр екенін айтты.

Бұл жағдайда бізге тиісінше ақша-несие саясатын жүргізіп, икемді бағам қалыптастыру қажет. Еӊ бастысы - қазір не болып жатқанын қоғамға түсіндіру, - деді Д.Ақышев.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны