19.05.2016, 19:38 4125

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев инфляция үдерістерін жыл аяғына дейін тұрақтандыру, ұлттық валютаныӊ айырбас бағамыныӊ күрт ауытқуына жол бермеу және екінші деӊгейлі банктердіӊ экономиканы несиелендіруін қамтамасыз ету қажеттігін айтты

Астана. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Мемлекет басшысы Ұлттық банктіӊ 2015 жылғы есебін тыӊдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев инфляция үдерістерін жыл аяғына дейін тұрақтандыру, ұлттық валютаныӊ айырбас бағамыныӊ күрт ауытқуына жол бермеу және екінші деӊгейлі банктердіӊ экономиканы несиелендіруін қамтамасыз ету қажеттігін айтты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Д.Ақышев өткен жылдыӊ Қазақстан экономикасы үшін оӊай болмағанын, соған байланысты ақша-несие саясаты түбегейлі өзгертілгенін атап өтті. Бұл ретте 2016 жылы валюта, ақша және жалпы қаржы нарығында тұрақтану нышаны байқалып отыр. Ұлтты банк төрағасы орта мерзімді кезеӊде ел тұрғындары мен кәсіпорындары үшін оӊ нәтижелер, соныӊ ішінде несиелеудіӊ жандануы күтіліп отырғанына назар аударды.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны