07.09.2015, 16:51 4233

Елбасы "Викторовское" ЖШС ауыл шаруашылығы кәсіпорнында болды

Мемлекет басшысы астық алқаптарын аралап, ауыл шаруашылығы техникаларыныӊ үлгілерін көрді. Нұрсұлтан Назарбаевқа сондай-ақ астық дақылдарыныӊ ахуалы мен жиын-терін науқаныныӊ барысы жөнінде баяндалды

Астана. 7 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы астық алқаптарын аралап, ауыл шаруашылығы техникаларыныӊ үлгілерін көрді. Нұрсұлтан Назарбаевқа сондай-ақ астық дақылдарыныӊ ахуалы мен жиын-терін науқаныныӊ барысы жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Викторовское" ЖШС бидай, майлы дақылдар өндірумен және мал шаруашылығымен айналысады. 2014 жылы астықтыӊ жиынтық көлемі 13 мыӊ тоннадан асты. Былтыр егінніӊ орташа шығымы гектарына 16,3 центнерден келді. Кәсіпорынныӊ ет өндіру бағытындағы 300 бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаӊы бар. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны