23.12.2011, 12:45 2941

Елбасының тапсырмасы бойынша Жаңаөзендегі тергеу шараларының жариялығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық комиссия құрылды

ҚазАқпарат агенттігінің хаблауынша, Жаңаөзен қаласының комендатурасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Президенті енгізген төтенше жағдай режімін қамтамасыз етуде. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Ақтау. 23-желтоқсан. Kazakhstan Today - Елбасының тапсырмасы бойынша Жаңаөзендегі тергеу шараларының жариялығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық комиссия құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хаблауынша, Жаңаөзен қаласының комендатурасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Президенті енгізген төтенше жағдай режімін қамтамасыз етуде. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Жаңаөзен қаласында да, жалпы Маңғыстау облысында да жедел жағдайдың қалыпты сақталуы жалғасуда және құқық қорғау органдарының бақылауында тұр. Соңғы 5 тәулікте Жаңаөзен қаласында бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Қалада барлық тұрғындардың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету нысандары қызмет етуде және мемлекеттік органдар мен сайлау комиссиясы әдеттегідей режімде жұмыс істеуде. Үкіметтік комиссия Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктермен байланысты туындаған әлеуметтік-экономикалық және басқа проблемаларды шешуге бағытталған шараларды іске асыруда. Атап айтқанда, жұмыстан шығарылған мұнайшыларды еңбекке тарту бойынша жұмыстар басталды. Жаңаөзен қаласының жұмыспен қамту бөлімінде азаматтардың тиісті арыздарын қабылдау тірегі ашылды.

2011 жылдың 23 желтоқсанында "Өзенмұнайгаз" және "Қаражанбасмұнай" компанияларының 100 пайыз жұмысшылары жұмысқа шықты. Жедел-тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктердің және талаушылықтардың ұйымдастырушылары мен неғұрлым белсенді қатысушыларын заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Елбасының тапсырмасы бойынша тергеудің жариялығын және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жедел-тергеу тобының жұмысына Маңғыстау облысы Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаевтың жетекшілігімен қоғамдық комиссия тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны