31.05.2023, 15:54 12306

Елбасы 20 ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығында болды

Бүгінде орталық қорында 260 мың іс, ал архивте 1 миллион 132 мың іс сақталған
Елбасы 20 ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығында болды
Сурет: Akorda
Президенттің Жарлығымен 2020 жылдың қараша айында ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде мемлекеттік комиссия құрылды. Мемлекеттік комиссияның жұмысына қолдау көрсету мақсатында 2021 жылы ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы ашылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін тарихына қатысты материалдар Орталыққа ІІМ, ҰҚК, Бас прокуратураның арнаулы мұрағаттарынан беріледі.

Орталық таяу уақытта барлығы 715 мыңға жуық істі қабылдап алады деп жоспарланып отыр. Мұнда құжаттарды құпиясыздандыру, қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады. Оларды зерттеу және ғылыми айналымға енгізу үшін тиісті жағдай жасалған.

✔️ Қазіргі уақытта тарихшы-ғалымдар мен орталық қызметкерлері "Алашорда ісі. 1920-1940 жж. Құжаттар мен материалдар" атты көптомдықты баспаға дайындап жатыр. Бұл басылым ХХ ғасырдағы Қазақстанның саяси тарихының ғылыми көкжиегін кеңейтеді.

▪️ Жалпы, Орталық қорында 260 мың іс, ал архивте 1 миллион 132 мың іс сақталған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны