06.07.2006, 18:10 3584

Елді басқаруда үш өлшемді геоақпараттық жүйені қолданудың болашағы талқыланды

Астана. 6-шілде. Kazakhstan Today. Үкімет үйінде кеше премьер-министр Даниал Ахметовтың төрағалығымен кеңес өтіп, онда Қазақстанды басқаруда үш өлшемді геоақпараттық жүйені қолданудың перспективасы талқыланды.

«Ықпалдасқан басқарудың геоақпараттық жүйесінің» жобасын кеңеске қатысушыларға, дәл осындай бірнеше жобаны Ресейде, Біріккен Араб Имірлігінде және Таяу Шығыс елдерінде жүзеге асырған «Информап рус» компаниясы таныстырып өтті.

Таныстырылым барысында атап көрсетілгендей, үшөлшемді модельдер технологиясы елдің жекелеген елді мекенін, немесе тұтас бір аймағын дамыту жөніндегі шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін инфрақұрылымдардың жерсеріктен және ұшақтан түсірілген анық фотосурет мәліметтерге негізделген.

Сарапшылардың айтуынша, жобаның мазмұны мемлекеттік басқарудың, ірі мегаполистердің сәулет құрылыстары мен көлік жүйелерін пайдалану, сондай-ақ, көші-қон ағынын басқару, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту, салық салу жүйесін жетілдіру, аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыру және т.б. мәселелердің тиімділігін арттыруға сеп болатын түрлі мәліметтер базаларының ықпалдастырумен, қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты міндеттерді шешуге негізделеді.

Жүйенің мүмкіндігімен танысып көрген Даниал Ахметов, оны Қазақстанда қолданудың мақсаттылығын атап көрсетті.

Премьердің пікірінше, жоба Астана қаласы аумағында, сондай-ақ, республикалық аумақта керек-ақ. Оны электрондық үкімет бағдарламасын толықтыруға және түрлі салаларда қолдануға мүмкіндік мол, деп атап көрсетті премьер.
Д.Ахметов бір ай мерзімде Астана қаласына арналған үш өлшемді геоақпараттық жүйе жобасы мен Электрондық үкімет бағдарламасына қосымша жоба әзірлеуге міндетті екі жұмыс тобын құруды тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны