28.11.2006, 15:50 3003

Елімізде сайлау заңына енгізілетін түзетулердің жобасы жасалуда

АСТАНА. 28-қараша. Kazakhstan Today. 2007-жылы Қазақстанда сайлау заңнамасына өзгерістер енгізу жоспарланған. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Владимир Фоос журналистерге хабарлады.

"Сайлау туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы 2007-жылғы заң жобасын жасау жұмыстарының жоспарына енгізілген",- деді ол.

Аталмыш заң жобасына қатысты жұмыс тобына қазір ұсыныстар келіп түсуде. Атап айтсақ, хатшының ақпаратына сәйкес, "саяси партиялардан сайлау комиссияларын қалыптастыру тәртіптеріне тұжырымдамалық өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар түсуде".

Мәселен, "Ақ жол" және "Нағыз Ақ жол" партиялары сайлау комиссияларын сайланбалы лауазымдардан үміткерлердің өкілдері мен саяси партиялардың өкілдерінен жасақтауды, ал комиссияларды жасақтау құзыретін облыстық комиссиялар мен Астана және Алматы қалалық комиссияларды қоспағанда жоғары сатыда тұрған комиссияларға беруді ұсынылып отыр. Сонымен бірге сайлау комиссияларын сайлау науқаны барысында ғана жасақтау ұсынылған.

"Отан" партиясы мен Азаматтық партия аумақтық округтік және учаскелік сайлау комиссияларын жасақтау құзыретін жоғары сатылы сайлау комиссияларына беруді, ал комиссияларды саяси партиялардың өкілдерінен іріктеуді, комиссиялардың тұрақты жұмыс істеуін ұсынған.

Сонымен бірге заң жобасының нормаларымен президенттіктен үміткерлердің атын ұсыну мен оларды тіркеу тәртіптеріне өзгерістер енгізу ұсынылған. Атап айтсақ, өз бетімен президенттікке ат ұсыну мүмкіндігін алып тастау көзделуде. В.Фоостың айтуынша, қолданыстағы норма "қажетті білім деңгейі, саяси тәжірибесі, жетекшілік қасиеттері мен абырой- беделі жоқ" азаматтарға потенциалдық мүмкіндік береді.

"Мемлекет басшысын сайлау маңызды әрі жауапты шара. Ал үміткерлер санының көптігі сайлаушылар арасында кері эмоция туғызып қана қоймай, өтетін сайлауға деген сенімді азайтады. Сондай-ақ, республикалық бюджет шығындарын өсіруге апарып соғады",- деді В.Фоос.

Бұған қоса ОСК хатшысының айтуынша, заңда үміткердің қазақ тілін еркін игеру жағдайын айқындау процедурасын белгілеу ұсынылған. Қазір бұл процедура ОСК-ның қаулысымен реттеледі. "Сонымен бірге президенттіктен үміткерлерді қолдаушылардың қолының шынайылығын тексеру процедурасын жан-жақты айқындау ұсынылған. Ол үшін осы салада арнаулы білімі бар мамандар мен сарапшыларды тарту мүмкіндігі қарастырылмақ". Кірісі мен мүлкі туралы декларациядағы мәліметтердің сенімсіздігіне байланысты үміткерді тіркеуден бас тарту талабы алынады. Бұл түзетулер парламенттер мен мәслихат депутатттығынан үміткерлерге де, сондай-ақ, жергшілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне де қатысты болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны