16.02.2018, 17:27 6659

Елімізге келген саяхатшылардыӊ 15 %-і Жетісу жерінде демалады

Бүгін Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталовтыӊ ішкі туризмді дамыту мәселелері бойынша өткізген инвесторлармен кездесу жиынында Алматы облысы әкімдігі, "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" АҚ және "Алматы Тау" Алматы өӊірі туристік кластерініӊ қауымдастығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Талдықорған. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталовтыӊ ішкі туризмді дамыту мәселелері бойынша өткізген инвесторлармен кездесу жиынында Алматы облысы әкімдігі, "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" АҚ және "Алматы Тау" Алматы өӊірі туристік кластерініӊ қауымдастығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Кездесуде облыс басшысы А. Баталов Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен инвесторлар тартуға, соныӊ ішінде туризм саласын дамытуға өӊірде ерекше назар аударылып отырғанын айтты.

- Өткен жылдыӊ қорытындысы бойынша жалпы өндірістегі шағын және орта бизнестіӊ үлесі 43 %-ке жетті. Биылғы жылы облыс бойынша шағын және орта бизнестіӊ 100 нысанын ашқалы отырмыз. Олардыӊ ішінде тек шағын кәсіпорындар ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсету, яғни туристік нысандар да бар. Мәселен, биылғы жылы өӊірде 25 мыӊ жаӊа жұмыс орнын ашу көзделсе, соныӊ 12 мыӊы шағын және орта бизнестіӊ үлесінде болады, - деді А. Баталов.

Облыс басшысы, сонымен қатар туризмді дамыту үшін инфрақұрылымды жақсартудыӊ, туристік нысандарға апаратын жолдарды жөндеудіӊ үлкен әсер ететінін тілге тиек етті. "Мемлекет қолдауыныӊ арқасында жолдарды күрделі жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Биылғы жылы Үшарал - Достық жолыныӊ күрделі жөндеуі басталуы тиіс. Бұл өз кезегінде Алакөлге баратындарға қолайлы жағдай туғызбақ. Балқаш көліне апаратын 140 шақырым жол да жөнделеді. Сонымен қатар Көлсай көлдеріне дейінгі жол жасалып, биылғы жылы жергілікті бюджет есебінен Шарын шатқалыныӊ 11 шақырымы жөнделеді деп жоспарланған, - деді А. Баталов.

Кездесуде сөз алған "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев туристерге көрсетілетін қызмет пен ұсыналатын тауарлар кешенін қалыптастыру мен ілгерілету, инвесторлар тарту, турбизнеске қолайлы жағдай жасау мәселелері жөнінде ынтымақтастық орнатудыӊ маӊызы зор екенін атап өтті.

Өз кезегінде облыстық туризм басқармасыныӊ басшысы Жанар Алчимбаева "Алматы облысыныӊ 2018-2020 жылдарға арналған Жол картасын" таныстырды.

Ж. Алчимбаеваныӊ айтуынша, 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша Алматы облысында 1,6 млн. туриске қызмет көрсетіліп, соӊғы үш жылда туристер легі 77 % -ке ұлғайған. Көрсетілген қызмет ауқымы 8,3 млрд. теӊгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 2 есеге өсіпті. Бұл орайда көрсетілген қызмет көлемі жағынан облыс Астана мен Алматы қалаларынан кейінгі үшінші орында тұр. Яғни республика бойынша көрсетілген қызмет ауқымындағы үлесі - 8 %. Келушілер саны жағынан да облыс алғашқы үштікте. Елімізге демалуға келген саяхатшылардыӊ 15 %-і Жетісу жеріне табан тірейді екен.

Жанар Алчимбаева өӊірге туристер тарту мақсатында өткізілетін ірі шараларды да атап өтті. Олардыӊ қатарында Сиверс алмасыныӊ гүлдеуіне арналған аса ауқымды жоба да бар.

Алматы облысыныӊ туристік әлеуетін кешенді дамыту жөнінде "Rakurs Consulting Group" компаниясыныӊ басқарушы серіктесі Досым Қадырбаев айтып берді.

Презентациямен танысқан қатысушылар Жетісудағы туризмді дамыту мүмкіндіктері туралы пікір алмасты. Спорттық және жартылай спорттық туризмніӊ түрлерін, соныӊ ішінде бүгінгі күні танымал бола бастаған маунтинбайкті дамыту туралы ой қозғалды. Инвесторлар облыста көптеген қызғылықты кәсіпорындардыӊ, фермалар мен бақ шаруашылықтарыныӊ болуы, сол сияқты автокэмпинг пен гастрономдық турлардыӊ көптеген мүмкіндіктеріне ие екендігіаграрлық туризмді ілгерілетуге жол ашатынын жеткізді.

Кездесу соӊында турбизнес өкілдері Жетісу аймағыныӊ туризмді дамытуға қолайлылығын бірауыздан қолдай келе, жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, ішкі туризмніӊ барлық бағыттарын дамытуға атсалысатындарын айтты.

- Мемлекет басшысы туристік индустрия ел экономикасыныӊ басым саласыныӊ бірі болуы қажеттігін міндеттеді. Бұл ретте Жетісу өӊірініӊ табиғаты керемет, ешқай өӊірге ұқсамайтын өз ерекшелігі бар. Сондықтан біз көрікті жерлеріміздіӊ көптігін тиімді падаланып, туризмді дамытуға сұранып тұрған нысандарға әлеуетті инвесторлар тарта білуіміз керек. Бүгінгі кездесуде облыс әкімдігі, "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" АҚ және Алматы өӊірі туристік кластерініӊ "Алматы Тау" қауымдастығы қол қойған өзара ынтымақтастық туралы меморандумы алға қойған мақсаттарымызға жетуге ықпал етеді деп сенемін, - деді А. Баталов қорытынды сөзінде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны