30.11.2023, 13:17 31441

Елордада жаңа жылу қуаты іске қосылды

Аталмыш жылу электр орталығындағы төрт қазандықтың бәрі іске қосылды
Елордада жаңа жылу қуаты іске қосылды
Сурет: gov.kz
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Астананы жылумен қамтамасыз ету жұмысы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Құрылысы ұзаққа созылған ЖЭО-3-ті іске қосу үшін үлкен жұмыс атқарылды.


Аталмыш жылу электр орталығындағы төрт қазандықтың бәрі іске қосылды. Бұл қаланы 440 Гкал/сағатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ЖЭО-3-тің бірінші кезеңінің құрылысы қазан айында аяқталды. Нысан осы кезден бастап қалаға жылу беруді бастады. ЖЭО-3 сол жағалаудың бір бөлігін және құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жаңа аудандарды жылумен қамтиды.

Сол сияқты тіршілікті қамтамасыз ететін жаңа нысандарда жаңа қуаттар іске қосылды. Мәселен, жаңа "Оңтүстік-Шығыс" газ жылу станциясын алайық. Бұл газ жылу станциясы "Бағыстан", "Мыңжылдық аллеясы" тұрғын үй кешендері аудандарын, қаланың сол жағалауын жылумен сенімді қамтамасыз етеді. Осы жылдың соңына дейін станцияны 350 Гкал/сағ максималды қуаттылыққа дейін жеткізу бойынша іске қосу жұмысы жалғасады.

Сондай-ақ, желтоқсан айында қуаттылығы 350 Гкал/сағ болатын "Тұран" газ жылу станциясының 1-кезеңін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, үш нысанның күші 1140 Гкал/сағ құрайды", - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны