20.12.2011, 15:28 3038

Ең алдымен Жаңаөзендегі әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық проблемалар шешімін табатын болады

"Қазір Үкіметтің ең бірінші міндеті - тәртіпсіздіктің салдарынан орын алған әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық проблемаларды тез арада шешу үшін қажетті жағдайларды жасау", деп мәлім етті премьер-министр деп хабарлады ҚазАқпарат агентігі.

Ақтау. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today - Ең алдымен Жаңаөзендегі әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық проблемалар шешімін табатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.

"Қазір Үкіметтің ең бірінші міндеті - тәртіпсіздіктің салдарынан орын алған әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық проблемаларды тез арада шешу үшін қажетті жағдайларды жасау", деп мәлім етті премьер-министр деп хабарлады ҚазАқпарат агентігі.

Осы орайда ол қаланың күнделікті өмірін қалпына келтіру, бүлінген және қираған нысандарды тез арада жөндеп, іске қосу қажет екенін тапсырды. "Біз көпшілік тұтынатын тауарлар мен азық-түліктің тапшылығын болдырмауымыз керек. Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық жүйесін, жарық, жылу, ыстық су беру, телефон байланысы қызметін қалпына келтіру шарт", деді Үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны