07.12.2012, 15:54 2793

Еңбек министрлігі 7 мыңнан астам салалық кәсіптік стандарттарды әзірлеуде

Бұл туралы бүгін "Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер диалогы" IV халықаралық форумында сөйлеген сөзінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерғали Егемберді айтты, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Астана. 7-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық біліктілік жүйесінің аясында 7 мыңнан астам салалық кәсіптік стандарттарды әзірлеу жұмысын жүргізуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін "Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер диалогы" IV халықаралық форумында сөйлеген сөзінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерғали Егемберді айтты, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

"ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі салалық органдармен бірлесе отырып, экономикалық қызметтің 21 түрі бойынша Ұлттық біліктілік жүйесінің 7 мыңға жуық кәсіптік стандарттарын әзірлеуде", - деді Е.Егемберді.

Вице-министрдің айтуынша, Ұлттық біліктілік жүйесін құру жұмысының аясында екі деңгейлі диалог алаңы құрылып отыр. Онда министрліктер мен мемлекеттік органдардың мамандары жүйенің ағымдағы ахуалын бағалаумен және жаңа Ұлттық біліктілік жүйесін құрумен, ҰБЖ моделінің негізді проблемаларын, тәуекелдері мен даму перспективаларын анықтаумен айналысуда.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада "Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер диалогы" IV халықаралық форумы өтуде. Онда бизнес-құрылымдармен ынтымақтастық аясында кәсіптік білімді дамытудың жолдары мен перспективасы талқылануда. Форум аясында сондай-ақ, Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу мекемелерінің инновациялық жабдықтар мен қызметтер көрмесі өтуде.

Форумға ҚР Президенті Икімшілігінің, ҚР Үкіметінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, салалық ведомстволар мен министрліктердің, салалық және өңірлік ТжКБ мекемелерінің, кәсіптік қауымдастықтар мен ТжКБ оқу мекемелерінің басшылары, Еуропа мен Азияның 11 елінен халықаралық ұйымдар өкілдері қатысуда.

Осы форум барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов Ұлттық біліктілік жүйесі қазақстандықтардың кәсіби жинақылығын қай жағынан болса да дамытуға ықпал ететінін айтты.

"Ұлттық біліктілік жүйесі қолданылып жүрген әртүрлі деңгейдегі және типтегі біліктіліктерді біртұтас қып байланыстырады. Ол біліктілікті ресми тану арқылы азаматтардың кәсіби жинақылығының барлық жағынан дамуына ықпал етеді", - деді С.Шаяхметов.

Сондай-ақ ол Ұлттық біліктілік жүйесі тетігін енгізу азаматтарға өмірінің барлық кезеңінде, әрі өзіне қолайлы уақытта оқуға мүмкіндік жасайды деп атап өтті.

Сонымен қатар вице- министр ҰБЖ құру мәселесінде Бүкіләлемдік банк несиесі есебінен жүзеге асатын "КжТБ жаңғырту" жобасы мен ЕО "КжТБ қолдау көрсету" жобасы маңызды рөл ойнайтынын жеткізді.

Аталған жобалардың сарапшылары ұлттық біліктілік жүйесінің тұжырымдамасын, біліктіліктің салалық шеңберін әзірлеудің сұлбасы мен әдістемесін, кәсіби стандарттарды әзірлеудің әдістемесі мен сұлбасын, сондай-ақ экономиканың бірқатар секторларына арналған кәсіби стандарттарды әзірледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны