20.07.2017, 20:22 4396

Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігініӊ Ақмола облысындағы күндері өтті

Ведомство өкілдерініӊ халықпен кездесуі кезінде әлеуметтік көмек, зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер, жұмыс берушілердіӊ өз қарамағындағы жұмысшыларын міндетті медициналық әлеуметтік сақтандырумен қамтамасыз ету мәселелерінен кеӊінен талқыланды.

Көкшетау. 20 шілде. Kazakhstan Today - 17 шілдеде Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігініӊ Ақмола облысындағы күндері басталды. Осыған орай, министрліктіӊ әлеуметтік көмек және халықты әлеуметтік қорғау департаментініӊ директоры Арман Өмірбаев пен жинақтаушы зейнетақы жүйесі басқармасыныӊ басшысы Маржан Жаумитова Аршалы ауданында, министрлік департаменттеріндегі басқармалардыӊ басшылары Бота Құлатаева мен Руслан Тілеубаев Шортанды ауданында болып, тұрғындармен жаӊа бағдарламалар және міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аршалы. Ведомство өкілдерініӊ халықпен кездесуі кезінде әлеуметтік көмек, зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер, жұмыс берушілердіӊ өз қарамағындағы жұмысшыларын міндетті медициналық әлеуметтік сақтандырумен қамтамасыз ету мәселелерінен кеӊінен талқыланды.

-Біздіӊ бүгінгі сапарымыздыӊ мақсаты жаӊадан енгізіліп жатқан реформалардыӊ мән-маӊызын түсіндіру. Ол адамныӊ жарық дүниеге келгенінен бастап, өмірініӊ соӊына дейінгі мемлекеттік әлеуметтік көмектерді алуына байланыс- ты мәселелер. Медициналық сақтандыру, зейнетақы жүйесі бойынша кез келген адамныӊ сауалдары болуы мүмкін, өйткені, әркім өзініӊ денсаулығы мен болашақтағы алатын алашағы жайында ойланады, - дей келе, Арман Өмірбаев өзгерістер туралы жан-жақты таратып айтып берді.

Ми н и с т р л і к қ ы з м е т ке р л е р і н і ӊ ұ й ы м д а с т ы р у ы м е н ұ с ы н ы л ғ а н "Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры - танысыӊыздар!" атты танымдық бейнероликтен тұрғындар өздеріне қажетті көп мағлұмат алды. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көптеген сауалдар қойылды. Мамандар оларға заӊ тұрғысында жауап беріп, жеке қабылдауларына шақырды. Кездесуден кейін министрлік өкілдері әлеуметтік тұрмысы төмен, аз қамтылған және көп балалы отбасылардыӊ жағдайымен танысып, көмек көрсету мақсатында аудан орталығын аралады.

Шортанды. Өӊірге сапарлап келген министрлік өкілдері өз жұмыстарын еӊ алдымен аудандық еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау орталығындағы ма- мандармен кездесуден бастады. Онда оларды орталыққа жақында басшы болып тағайындалған Берген Жұмкей қарсы алып, аудандағы жүзеге асырылып жатқан ведомствоға тиесілі бағдарламалар мен жобалар, жұмыссыздықпен күресу, медициналық сақтандыру, зейнетақы ж ү й е с і н дег і ө з г е р і с т е р с е к і л д і мәселелерді түсіндіру бойынша жүзеге асырып жатқан жағдаймен жан-жақты таныстырды. Министрлік өкілдері халыққа жаӊа бағдарламалардыӊ мүмкіндігін кеӊінен насихаттауды, әсіресе, жұмыссыз адамдарға жаӊа жобалардыӊ маӊызын тереӊірек түсіндіруді т апсырды. Мамандарға жұмысты ұйымдастырудыӊ амал-тәсілдерін айтып, кеӊес берді. Министрлік өкілдерініӊ алдына қойылған мақсаты сол аймақтағы жұмыспен қамту орталықтарыныӊ іс-қимылдарын жандандыру, әлеуметтік қызметтерді иемденудіӊ тиімділігін арттыру болып отыр. Жастар ресурстық орталығында болған министрліктіӊ басқарма басшылары мекеме басшысы, аудандық мәслихаттыӊ депутаты Ерболат Жапаровпен әӊгімелесу барысында жастардыӊ әлеуметтік желілерді, сайттарды қолдануы, аудандық жастардыӊ жұмысын көрсетіп, ақпарат тарататын сайты мен аккаунттары болуы, флеш-моб бағдарламаларын ұйымдастыру, міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жайында кеӊінен насихаттау керектігін айтып, орталықтыӊ жұмысымен танысты. Аймақтыӊ белсенді жастарыныӊ нәтижелі жұмыстарына ризашылықтарын білдіріп, осы жұмыстарын әрі қарай жүргізе берулеріне тілектестіктерін білдірді.

Б ұ д а н с о ӊ в ед ом с т в о ө к і л д е р і "Жұмыспен қамтудыӊ жол картасы -2020" бағдарламасы бойынша 2015 жылы шағын несие алып, өзініӊ ісін дөӊгелетіп әкеткен жеке кәсіпкер Бибігүл Оспановамен кездесті. Ол аудан орталығыныӊ халқы үшін қоғамдық моншаны қайта қалпына келтіріп, 4 жұмыс орнын ұйымдастырған. Министрлік өкілдері оны зейнетақы мен медициналық сақтандыру жүйесініӊ соӊғы енгізілген өзгерістерімен таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Ал, Татьяна Халубная 2015 жылы аудандық жұмыспен қамту орталығыныӊ к ө м е г і м е н " Жол к а р т а с ы - 2 0 2 0 " бағдарламасы аясында 3 миллион теӊге көлемінде ақшалай несие алып, газ құю бекетін ашыпты. Жеке кәсіпкер осымен бес адамды жұмыспен қамтыған. Ведомство өкілдері бұдан соӊ аудан орталығындағы жұмыссыз отбасыларға б а р ы п , о л а р ғ а " Б а с т ау б и з н е с " бағдарламасы бойынша өз жұмыстарын бастауға болатындықтарын түсіндіріп, мемлекеттік бағдарламалардыӊ маӊызы мен мүмкіндіктері жайында айтып берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны