11.01.2019, 13:45 5569

Еӊбекке қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда және асыраушысынан айырылғанда, жұмыссыз қалғанда берілетін жәрдемақы үштен бір бөлікке өседі

Жалпы алғанда, ұсынылып отырған өзгерістер еӊбекке жарамсыз болып қалған жағдайда, асыраушысынан айырылғанда және жұмыссыз қалғанда әлеуметтік жәрдемақылар көлемін орташа 30 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.

Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Еӊбекке қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда және асыраушысынан айырылғанда, жұмыссыз қалғанда берілетін жәрдемақы үштен бір бөлікке өседі.

2018 жылдыӊ 10 қаӊтарындағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" Қазақстан халқына Жолдауында, Мемлекет басшысы еӊбек өтілімі мен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі жәрдемақылар көлемініӊ өзара байланысты нығайтуды тапсырды.

Елбасыныӊ тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Заӊ жобасыныӊ жаӊа редакциясын әзірледі.

Заӊ жобасыныӊ негізгі мақсаты - құқықтық, экономикалық және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдердіӊ параметрлерін қайта қарап, бекітіп міндетті әлеуметтік сақтандырудыӊ негізін ұйымдастыруды күшейту.

Енгізілген өзгерістер еӊбекке жарамсыз болып қалған жағдайда, асыраушысынан айырылғанда және жұмыссыз қалғанда азаматтардыӊ әлеуметтік қорғалу деӊгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Илеуметтік жәрдемақы көлемі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліміне және өзге де параметрлердіӊ өзгеруіне қарай өседі.

Осылайша, заӊ жобасына сәйкес, әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі өтілімі көп азаматтарға берілетін әлеуметтік жәрдемақы әр жылына 2 пайызға артады үстінен 5 жылды қосқанда. Ал мүгедектігі барлар үшін жұмысқа жарамсыз болып қалғанда берілетін әлеуметтік жәрдемақылардыӊ көлемін еӊбекке жарамсыздық белгілі бір дәрежеде орын алған фактіні ескере отырып белгілеу ұсынылады.

Яғни әлеуметтік жәрдемақылар еӊбекке жарамсыз болған жағдайда орташаланған коэфиценттерге тәуелді болмай, арнайы бекітіледі.

Асыраушысынан айырылған отбасыларға, асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік жәрдемақыларды белгілеуде қолданатын асырауындағы адамдар саныныӊ коэффицентін көтеру ұсынылады.

Жұмыссыз қалған тұлғаларға әлеуметтік жәрмақыларды белгілеу үшін, табыс көзін ауыстыратын коэффицентті 30% дан 40% ға дейін көтеру ұсынылды. Сондай-ақ, бұл әлеуметтік төлемді алу уақытын 4 айдан 6 айға дейін ұзарту көзделген.

Жалпы алғанда, ұсынылып отырған өзгерістер еӊбекке жарамсыз болып қалған жағдайда, асыраушысынан айырылғанда және жұмыссыз қалғанда әлеуметтік жәрдемақылар көлемін орташа 30 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі күні заӊ жобасы ҚР Үкіметініӊ қарауында.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны