16.07.2020, 17:05 4739

Ералы Тоғжанов елордадағы медицина мекемелерінде Президент тапсырмаларының іске асырылу барысын тексерді

Ералы Тоғжанов елордадағы медицина мекемелерінде Президент тапсырмаларының іске асырылу барысын тексерді

Алматы. 16 шілде. Kazakhstan Today - Ералы Тоғжанов елордадағы медицина мекемелерінде Президент тапсырмаларының іске асырылу барысын тексерді.

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елордадағы медициналық мекемелерге барып, ҚР Президентінің нұсқаулары мен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдерінің орындалу барысын тексерді.

Премьер-Министрдің орынбасары барған алғашқы нысан амбулаторлық-емханалық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем шақыртуларына қызмет көрсететін №9 қалалық емхана болды. Бүгінгі таңда емханада 95 мың тұрғынға қызмет көрсетіледі.

Пандемия кезінде емханада фильтр-кабинеттер мен провизорлық бөлім ұйымдастырылды, бұл жерлерде ПТР-зерттеу үшін биоматериал алынып, сондай-ақ қажетті ем тағайындалады.

Сонымен қоса, Ведомствоаралық комиссия басшысы Damumed мобильді қосымшасы арқылы іске қосылған пациенттерді тегін онлайн-қабылдаудың жұмысымен танысты. Қазіргі кезде 19 ұйым осы қызметке қосылған. Болашақта Нұр-Сұлтан қаласындағы 31 медицина ұйымы онлайн-консультациялар жүргізетін болады.

Бұдан өзге, емханада жедел жәрдемге түсетін жүктемені жою мақсатында бес мобильді бригада ұйымдастырылған. Бұл мобильді топтар COVID-19 және пневмониямен сырқаттануға күмәнді науқастарға үйде қызмет көрсетеді, дәрігерлер тексеріп, ПТР-зерттеуден өткізу үшін биоматериал алынады және қажетті ем тағайындалады.

Сонымен қатар, Е. Тоғжанов жедел медициналық жәрдем қалалық станциясына барды. 2016 жылдан бері станцияда кепілдендірілген тегін медициналық қызмет көлемі аясында ауруханаға дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсетіледі. Қазіргі кезде мұнда 1 414 медицина қызметкері жұмыс істейді, 80 бригада мен 124 автокөлік құралы бар.

Айта кетейік, бүгінгі таңда жедел жәрдем көмегіне жүгінетіндердің санының азайғаны байқалып отыр. Егер 22 маусымда оған тәулігіне 4,3 мың адам жүгінсе, 16 шілдеде 1,9 мың адам жүгінген. Оның ішінде КВИ бойынша жүгіну саны тәулігіне 500-ден 254-ке дейін төмендеген. Жедел жәрдемді шақыртулар саны тәулігіне 3 мыңнан 1,3 мыңға дейін қысқарған.

Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов бұдан басқа №2 қалалық көпсалалы аурухананың жұмысымен танысты, бұл аурухана пациенттерді барлық бейіндер бойынша қабылдайтын бірден-бір емхана болып отыр. Аурухана жедел медициналық көмек бойынша да, адамдардың өздігінен жүгінуі бойынша да тәулік бойғы режимде пациенттерді қабылдауды қамтамасыз етеді. Тәулік ішінде орта есеппен 300-ге жуық пациент мұнда жүгінеді - 200 адам жедел медициналық жәрдем бойынша, 100 адам өздігінен жүгіну және емханалардан бағытталуы бойынша.

Сонымен қатар ауруханада коронавирус инфекциясымен ауырғандарға арналған 30 инфекциялық төсек-орын, сондай-ақ жансақтау бөлімінде қажетті медициналық жабдықтармен, оның ішінде ӨЖЖ аппараттарымен жарақталған 9 төсек-орын бар.

Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпсалалы аурухананың мамандарының штаты 1700-ден аса жоғары білікті қызметкерді қамтиды, оның ішінде 500 - дәрігер. Ауруханының 200-ден аса қызмткері ауырған, оның ішінде 150 адам сауығып, жұмысына оралған.

Медицина қызметкерлерімен кездесу кезінде Е. Тоғжанов медицина қызметтерінің барлық қызметкерлеріне алғыс білдіріп, олардың күнделікті ерен еңбегін атап өтті және оларды бүгінгі күннің қаһармандары деп атады.

Сонымен қоса, Премьер-Министрдің орынбасарымен әңгімелесу кезінде дәрігерлер әріптестерінің атынан медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлеуге қатысты алаңдаушылықтарын білдірді, бұл мәселеге қатысты Е. Тоғжанов медицина қызметкерлеріне барлық қажетті төлемдер толық көлемде аударылатынына сендірді.

Сонымен қатар, медицина мекемелерін дәрілік препараттармен одан әрі қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Бүгінгі таңда медицина мекемелері дәрілік заттармен 100% қамтамасыз етілген. Ведомствоаралық комиссияның басшысы Денсаулық сақтау министрлігі мен "СК-Фармация" ЖШС-ға елімізідң барлық медицина мекемелерінде дәрілік препараттардың айлық қорын қамтамасыз етуді тапсырды.

Елордадағы стационарлардың жүктемеленуі өткен аймен салыстырғанда салыстырғанда 34%-ға төмендегенін атап өткен жөн, сондай-ақ төсек-орындар саны 2 705 бірлікке артқан.

ТМД және Моңғолияның ЕИӨА қатысушылары COVID-19 індетімен күрес жағдайындағы жұмыс ерекшеліктерін талқылады

Бейнеконференция арқылы өткен кездесу барысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер мен Моңғолияның еңбек инспекциясы өңірлік альянсының (бұдан әрі - ТМД және Моңғолия ЕИӨА) еңбек инспекцияларының өкілдері 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру және COVID-19 таралуы аясында қабылданған шараларды талқылады.

Іс-шараға Халықаралық Еңбек Ұйымының, Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің өкілдері қатысты.

Отырыс Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың төрағалығымен өтті. Қазақстан тарапынан Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының еңбек инспекциясы басқармасының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Сарбасов COVID-19 инфекциясының таралуы жағдайында жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауды қамтамасыз ету мәселелерінің өзектілігін атап өтті.

"Уақытында қабылданған шаралардың арқасында еліміздің кәсіпорындарындағы қызметкерлер арасында коронавирустық инфекцияның таралу қаупін айтарлықтай төмендетуге қол жеткіздік. Бұл бірінші кезекте, әрине, карантин режимін жариялау, сондай-ақ жекелеген ұйымдардың қызметін уақытша шектеу және олардың қызметкерлерін қашықтан жұмыс режиміне ауыстыру.

Осы шаралардың енгізілуіне байланысты азаматтардың жекелеген санаттары табыстарынан айырылды. Осыны ескере отырып, аталған азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында Ел Президентінің тапсырмасы бойынша Министрлік төтенше жағдай қолданылған кезеңде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы мөлшерінде әлеуметтік төлемдер төлеуді ұйымдастырды, оларды 4,5 млн-нан астам адам алды", - деді ол.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі әріптестерімен ҚР Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратпен бөлісті, олар қызметкерлерді жалдау, жұмыстан шығару және ауыстыру, әлеуметтік әріптестік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін қамтыды, сонымен қатар республикадағы еңбек жарақатының төмендеу динамикасы туралы баяндады.

Өз кезегінде ТМД және Моңғолияның ЕИӨА-дан әріптестер 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жетістіктері мен коронавирус пандемиясымен күрес шаралары туралы айтып берді.

Кездесу барысында қатысушылар осы кезеңдегі қызметкерлерді қорғау шаралары туралы тәжірибелерімен және пікірлерімен бөлісті, жұмыс орнындағы COVID-19 инфекциясының жұғу жолдарын жіктеу, алдыңғы аттестаттау мерзімі ағымдағы жылы аяқталатын өндірістік нысандарды аттестаттау, оқыту және кәсіби бағдар беру мәселелерін шешу тәсілдерін және т. б. мәселелерді талқылады.

Іс-шара соңында қатысушылар бұдан әрі тәжірибе және жұмыс әдістерімен алмасу мүмкіндігін талқылады және 2020 жылдың келесі тоқсанында кездесуге уағдаласты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны