Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
Алматы. 24 шілде. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды тексеру үшін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды.
Сапар барысында облыстағы бірқатар медициналық мекемелерді аралап, өңірдегі медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді, сондай-ақ "СҚ-Фармация" ЖШС қоймаларында дәрі-дәрмектер қорының болуын тексерді.
"СҚ-Фармация" ЖШС қоймаларын тексеру кезінде КВИ мен пневмонияны емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмектердің екі түрі - дексаметазон және преднизолон дәрілері бойынша бір айлық қорының тапшылығы анықталды. Осы мәселені шешу үшін "СҚ-Фармация" ЖШС-ына Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесіп медициналық мекемелерге тиелген дәрі-дәрмектерге аудит жүргізу, сондай-ақ қысқа мерзім ішінде дәрілік заттардың қажетті қорын қамтамасыз ету тапсырылды
Үкіметтік делегация сонымен қатар Ақтаудағы қонақ үйлердің бірінде медицина қызметкерлерінің тұру жағдайларымен танысты. Бүгінгі таңда қонақ үйде мамандар орналастырылған, оның ішінде басқа өңірлерден іссапарға жіберілген 11 әскери дәрігер бар.
Кездесу барысында медицина қызметкерлері тұру және жұмыс істеу жағдайлары, сондай-ақ өңірде енгізілген карантин шараларының арқасында ауруханаларда жүктеменің тұрақты азайғаны туралы айтып берді. Премьер-Министрдің орынбасары пандемия кезіндегі алдыңғы шептегі ерен еңбегі үшін медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді.
Айта кетейік, COVID-19-бен күресу үшін өңірге 47 маман тартылды. Дәрігерлер екі ауысымда жұмыс істейді және карантин шаралары аясында 15 қонақ үйде оқшауланып тұрып жатыр, олар барлық қажетті заттармен, оның ішінде жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген.
Бұған дейін Е. Тоғжанов Қызылорда облысына барып, онда шұғыл кеңес өткізген еді және облыстық бірқатар медицина мекемелері мен дәріханаларды аралады.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Су тасқынынан кейін 12 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Президент Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді тағайындады
Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Ілияұлы Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды", деп көрсетілдген Өкімнің мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан Президенті су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіру мерзімдерін белгіледі
Қазақта "Алпыс күн тасыған дария, алты күнде қайтады" деген сөз бар. Көп ұзамай қарғын су кетіп, жұрт күнделікті өмірге оралады. "Әр қиындықтың қайыры бар" дейді халқымыз.
Қазіргі алапат тасқын да, түптеп келгенде, елімізге оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Сын сағатта жұдырықтай жұмылған жұртымыз осы қалпында өрлеу, жаңғыру кезеңіне қадам басады. Бәрі де жақсы болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде
Мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттері толық әрі уақтылы орындалуда. Зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына әлеуметтік төлемдер бекітілген мерзімнен бұрын берілуде. Мұндай режим биылғы 1 қыркүйекке дейін сақталатын болады. Одан бөлек, мүгедектігі бар азаматтарды қайта куәландыру мен бірінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмекті алып жүргендер үшін қайта тағайындау мерзімдері 1 шілдеге дейін автоматты түрде ұзартылды", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Тасқын судан зардап шеккендердің барлығына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлем қарастырылған. Бүгінде ол 11 мыңнан аса отбасыға төленген. Үкімет азаматтарға бүлінген үй заттарын алу үшін қосымша 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде көмек көрсету туралы шешім қабылдады", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Бүгінде 500-ден аса бала әлі де эвакуациялық орталықтарда қалып отыр. Олар да білім беру үрдісімен қамтылған. Олардың ата-аналары тасқын судың кетіп, үйлеріне оралғанын немесе баспаналарын қалпына келтіру үшін бағалау жүргізілуін күтіп жүргенін түсінемін. Бұл санаттағы балалардың ата-аналарына бізде балаларды орналастыруға қарастырылған тағы 4 мыңнан аса орын бар екенін айтқым келеді. Егер келісімін берсе, оларды сол жерлерге орналастыруға дайынбыз. Оқу маусымы аяқталған соң ата-аналардың келісімімен балаларға өзі тұрып жатқан аймақта, не басқа өңірлерде орналасқан жазғы демалыс лагерлеріне баруына мүмкіндік беріледі. Бұл мәселемен Оқу-ағарту, жоғары білім, туризм және спорт министрлері тікелей айналысуда", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Көктемгі дала жұмыстарына қосымша 400 миллиард теңгеге дейін қаражат тартылады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады
Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды", деп көрсетілген Өкім мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
26.04.2024, 13:36Су тасқынынан кейін 12 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды 26.04.2024, 11:58 2676Шығын - миллиард теңге: Астанада ҰҚТ қатысты үкім шықты26.04.2024, 12:13 2341Ақтөбеде үлескерлерді 2,5 миллиард теңгеге алдап кеткен26.04.2024, 13:42 1836Алматыда жаңа жағалау салынуда26.04.2024, 13:32 1411Ақмола облысы аумағында ірі есірткі зертханасы жойылды
19.04.2024, 11:11 98546Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге үкімет қандай көмек көрсетеді19.04.2024, 18:42 94911Көлік прокуратурасы 900-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғады19.04.2024, 18:27 92526Қазақстанның барлық әуежайында жолаушылар биометриясын енгізу жоспарланып отыр19.04.2024, 18:23 91151Қонаев қаласының әкімі тағайындалды19.04.2024, 18:20 91086Қазақстанда вейпке тыйым салынады: Тоқаев заңға қол қойды
04.04.2024, 16:35 121641Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды04.04.2024, 16:30 121336Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады18.04.2024, 12:51 107816"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес04.04.2024, 16:25 106196Тоқаев су тасқыны туралы: бұл бұрын-соңды болмаған табиғи апат18.04.2024, 16:22 103771Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді