08.02.2007, 18:41 2988

Ерлан Байжанов Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

АСТАНА. 8-ақпан. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды және ол Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Е.Байжанов Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі қызметін 2006-жылдың басынан бастап атқарған. Ал бұған дейін ол бірінші мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі болған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны