08.04.2013, 12:53 2928

Ертең ҚР Үкіметі отырысында 2012 жылға ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерді инвентаризациялау қортындысы қаралады

"Ертең Үкімет отырысында 2012 жылға ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерді инвентаризациялау қортындысы талқыланады. Ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану - мемлекетіміздің басты мақсаты", - деді А.Ибибуллаев.

Астана. 8-сәуір. Kazakhstan Today - Ертең, 9 сәуірде ҚР Үкіметінің кезекті отырысында 2012 жылға ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерді инвентаризациялау қортындысын талқылау жоспарланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті.

"Ертең Үкімет отырысында 2012 жылға ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерді инвентаризациялау қортындысы талқыланады. Ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану - мемлекетіміздің басты мақсаты", - деді А.Ибибуллаев.

Қазақстан Үкіметі қызметінің күн тәртібі туралы мәлімет бере отырып, осы аптада ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына баруды жоспарлағанын атап өтті.

Сапар барысында С.Ахметов ТКШ және тұрғын үй салуды жетілдіру бағдарламасын іске асыру нәтижелерімен танысады, сонымен қатар облыстың бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарына барады, БҚО активі отырысын өткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны