21.01.2013, 16:20 3312

Ертең Үкімет отырысында Дүниежүзілік Банктің "Doing Business" рейтингінің көрсеткіштерін жақсарту мәселелері қаралады

Аталмыш рейтинг бизнесті жүргізудің түрлі аспектілерін, оның ішінде ұлттық заңнаманы, қаржылық, әкімшілік жүйелерді, елдегі кәсіпкерлікті дамытуға әсерін тигізуші басқа да мемлекеттік шаралардың деңгейін бағалайды.

Астана. 21-қаңтар. Kazakhstan Today - Ертең, 22 қаңтарда Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өтетін Үкімет отырысында Дүниежүзілік Банктің "Doing Business" рейтингінің көрсеткіштерін жақсарту бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары және 2013 жылдағы басты міндеттер қаралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталмыш рейтинг бизнесті жүргізудің түрлі аспектілерін, оның ішінде ұлттық заңнаманы, қаржылық, әкімшілік жүйелерді, елдегі кәсіпкерлікті дамытуға әсерін тигізуші басқа да мемлекеттік шаралардың деңгейін бағалайды.

2012 жылы Дүниежүзілік Банкінің "Doing Business-2013" рейтингінде Қазақстан 2011 жылдың рейтингімен салыстырғанда өзінің беделін 7 бағамға жақсартып, 49-шы орынға ие болды.

Үкімет отырысының видео-таратылымын сағат 10.00-да Primeminister.kz сайтынан көре аласыздар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны