06.01.2026, 12:21 13201

Ет экспорты және мал шаруашылығын дамыту: Премьер-министр ауыл шаруашылығы министрлігіне нақты шаралар қабылдауы үшін бір апта уақыт берді

Ет экспорты және мал шаруашылығын дамыту: Премьер-министр ауыл шаруашылығы министрлігіне нақты шаралар қабылдауы үшін бір апта уақыт берді
Сурет: primeminister.kz
Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы егін шаруашылығындағы оң нәтижелерді атап өткеніне назар аударды. Президент мал шаруашылығы саласындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдына бір апта ішінде ет өндірісі мен экспортының көлемін арттыру жөніндегі нақты шаралармен бірге, мал шаруашылығын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар енгізу міндеті қойылды. Сондай-ақ шаруаларға жеңілдетілген несие беру тетігін кеңейту тапсырылды.

Егіншілерді тікелей субсидиялау орнына жеңілдетілген несие беру тетігі өзінің тиімділігін көрсеткенін айта кету керек. Министрлік "Бәйтерек" холдингімен бірлесіп, осыған ұқсас ауыл шаруашылығын қолдау құралдарының аясын кеңейтуді жалғастыруға тиіс", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны