31.03.2008, 17:38 6736

Еуразиялық банктің Теміртаудағы филиалының қызметкері $108 мың доллар ұрлады деген күдік бар

Еуразиялық банктің Теміртаудағы филиалының қызметкері $108 мың доллар ұрлады деген күдік бар

Қарағанды. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаменті "Еуразиялық банкі" АҚ-ның Теміртаудағы филиалының бірнеше қызметкерінің үстінен банкке қарасты $108 мың долларды иемденіп кетті деген күдікпен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды агенттік тілшісі қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл қызметкерлер өздерінің қызмет бабын пайдалану арқылы $108 мың көлемінде қаржыны жымқырып, банкке ауқымды шығын келтірді", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Күдіктілердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабы, 3-тармағының "б" тармақшасына сәйкес (сеніп тапсырылған басқаның мүлкін аса ірі көлемде қызмет бабын пайдалану арқылы иемденіп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны