16.03.2018, 22:52 3957

Еуразиялық даму банкі ШҚО-ға ұлттық валютада инвестиция салуға мүдделі

Шығыс Қазақстан облысыныӊ әкімі Даниал Ахметов өӊірге арнайы келген Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) делегациясын қабылдады. Айта кету керек, олар Шығыс Қазақстанныӊ бірнеше жобасына қаржы құюға қызығушылық танытып отыр. Кездесуде инвестордыӊ ұсынысы бойынша екіжақты серіктестік меморандумына қол қойылды

Талдықорған. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысыныӊ әкімі Даниал Ахметов өӊірге арнайы келген Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) делегациясын қабылдады. Айта кету керек, олар Шығыс Қазақстанныӊ бірнеше жобасына қаржы құюға қызығушылық танытып отыр. Кездесуде инвестордыӊ ұсынысы бойынша екіжақты серіктестік меморандумына қол қойылды.

Даниал Ахметов инвестор назарына өӊір үшін маӊызы жоғары екі жобаны ұсынды. Алғашқысы, құны 62 миллиард теӊгені құрайтын Өскемен қаласындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпір. Құрылыс қолға алынса, ол облыс орталығындағы көлік кептелісін шешуге мүмкіндік береді.

- Екі үлкен инфрақұрылымдық жобаны қарастыруды ұсынамыз. Ертіс өзені және Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін екі көпірдіӊ маӊызы облыс үшін өте жоғары. Себебі, Күршім ауданында ауқымды мыс кен орындары бар. Өкінішке орай, аталған бағытқа қарай транзит мәселесін шешу мүмкіндігі жоқ. Сондықтан ауданда көптеген кен орындары әлі күнге дейін игерілмей жатыр. Егер ЕАДБ нақты жұмыс барысына кірісетін болса, Үкімет бұл бастаманы сөзсіз қолдайтын болады, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Сандарды сөйлетсек, бүгінде Еуразиялық даму банкініӊ Қазақстандағы шартты капитал үлесі 42 пайызды құрайды.

- Осы облыспен серіктестік қарым-қатынас орнату ісіне жоғары жауапкершілікпен қараймыз. Жүзеге асыруға мүдделі жобаларды тереӊірек зерделеп, бір шешімге келеріміз анық. Сіздіӊ Англияға жасаған іс-сапарыӊыздыӊ қорытындысынан хабардармын. Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлескен жобаларыӊызға біздіӊ тараптан да қызығушылық барын айтар едім. Жалпы, ЕАДБ жобаларға инвестицияны осы елдіӊ ұлттық валютасында салуға мүдделі екенімізге ерекше тоқталғым келеді, - деді Еуразиялық даму банкі басқармасыныӊ төрағасы Андрей Бельянинов.

Кездесу қорытындысы екі жақтыӊ серіктестік туралы меморандумына қол қою рәсімі болды.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны