01.12.2019, 17:01 7466

Еуропалық Одақ Орталық Азияда заң үстемдігі, сауда және инвестициялық даму саласында 28 миллион еуроға үш жаңа аймақтық бағдарламасын жүзеге асырмақшы

Аталған бағдарламаларға Еуропалық Одақ 28 миллион еуро көлемінде қаржы бөліп, жобалар Еуропа Кеңесі, Халықаралық сауда орталығы және Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) жүзеге асырады.

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - 28 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында Еуропалық Одақтың Орталық Азияда заң үстемдігі, сауда және инвестициялық даму саласындағы үш жаңа аймақтық бағдарламасының ресми тұсаукесері және іске қосылуы жарияланды.

Аталған бағдарламаларға Еуропалық Одақ 28 миллион еуро көлемінде қаржы бөліп, жобалар Еуропа Кеңесі, Халықаралық сауда орталығы және Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) жүзеге асырады.

"Орталық Азиядағы өркендеу үшін интеграцияны күшейту" ЕО аймақтық конференциясы ЕО-ның жаңа жобаларының мақсаттары мен міндеттерін ұсынуға, сондай-ақ Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясының аясында аймақаралық ынтымақтастықты дамытудың алуан мәселелерін талқылауға бағытталған.

Үш бағдарламаны іске қосу туралы келісімдерге қол қою рәсімі мен баспасөз мәслихатына Қазақстандағы ЕО Елшісі Свен-Олов Карлссон, Еуропа Кеңесінің бағдарламалар бойынша директоры Верена Тейлор, Халықаралық сауда орталығының Өңірлік бағдарламалар департаментінің директоры Ашиш Шах және ЭЫДҰ Еуразия бөлімінің басшысы Уильям Томпсон қатысты.

Іс-шараға Қазақстан (ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев, ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов), Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан үкіметтерінің жоғары лауазымды өкілдері, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

Ресми рәсімнен кейін ЕО-ның Орталық Азияға арналған жаңа стратегиясында анықталған инвестициялар тарту және тұрақты және жан-жақты өсуді қамтамасыз ету, аймақтық және халықаралық сауда интеграциясын кеңейту және заң үстемдігін нығайту бағыттары бойынша министрлік деңгейінде панельдік пікірталастар өтті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны