09.06.2023, 13:53 33316
«Эйр Астана» қымбат әуебилеттері үшін салынған айыппұлға шағымданбақ
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Air Astana айыппұлға қатысты сот актісіне шағым береді, деп хабарлады авиакомпанияның баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің "Эйр Астана" АҚ-ға әуетасымал нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін әкімшілік айыппұл салу туралы ақпаратына қатысты мынаны хабарлаймыз. Әуекомпания құрылған күнінен бастап өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Әуекомпанияның көптеген тергеулері мен тексерулері монополиялық жоғары бағаларды белгілеу үшін, тасымалдаушының жұмысында бұзушылықтарды анықтаған жоқ. Агенттік жүктеген құқық бұзушылық тек қана отын алымын өндіріп алуға қатысты және негізсіз", деп көрсетілген хабарламада.
Ең алдымен, әуекомпаниялардың отын алымын алуы заңды құқық болып табылады және "Әуе кеңістігін пайдалану туралы" ҚР Заңында қарастырылған. Бүгінгі таңда бұл норма қолданылады, бұл туралы Агенттіктің өзі бірнеше рет мәлімдеді. Сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілікке тарту соттың істі қарауы көптеген іс жүргізу бұзушылықтарымен жүргізілді. Әуекомпаниясы сот актісіне шағымданады. Ал Агенттік жауапкершілікке тарту тәртібін бұзды, бұл Астана қ. МАӘС-тың Агенттіктің әрекеттерін/әрекетсіздігін заңсыз деп тану туралы (заңды күшіне енбеген) шешімімен расталады", дейді әуекомпаниясының өкілдері.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
04.10.2024, 18:09 46676
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезіне қатысты
Достарға айту
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезіне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезінде сөз сөйледі. Іс-шараға еліміздің барлық аймағынан келген судьялар, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ шетелдік сарапшылар қатысты.
Президенттің айтуынша, әділ сот мемлекеттің тірегі, сондықтан сот билігі қашанда абыройлы әрі мінсіз болуға тиіс.
"Заң мен Тәртіп - әділетті қоғамның негізгі өлшемі. Бұл - заң алдында бәрі бірдей, тең құқылы деген сөз. Сол себепті, сот органдары азаматтардың басты қорғаны болуы керек. Елде заң үстемдігі орнаса, халықтың билікке деген сенімі нығаяды", - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің сот саласын кешенді реформалау ісіндегі қол жеткізген негізгі жетістіктеріне тоқталды.
Мемлекет басшысы соттардың қызметін одан әрі жетілдірудегі басым міндеттерге назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, сот төрелігіне қол жеткізуде соттардың шешіміне кассациялық тәртіппен шағымдану мүмкіндігін беру маңызды, екенін атап өтті.
Президенттің пікірінше, келесі басымдық - саланы цифрландыруды жалғастыру.
Цифрлық технологиялар азаматтардың сот процесіне қатысуын айтарлықтай жеңілдетті. Сондай-ақ сот қызметінің барынша ашық болуын қамтамасыз етті. Елімізде арнайы ақпараттық жүйе бар. Судьялар сол арқылы басқа соттардың шешімдерімен таныса алады. Бұл - әділ сот актілерін қабылдауға мүмкіндік беретін ұтымды тәсіл. Соның арқасында ортақ мәлімет қоры қалыптасады. Бұл деректер сот процесіне қатысатын тараптың бәріне қолжетімді болуы керек. Сол кезде әркім өзіне қатысты істің нәтижесін бағамдай алады. Бұл бастама сотта қаралатын дау-дамайды азайтады. Жұрт та босқа арызданып, шағымдана бермейді. Жалпы, сот ісін жеңілдету - маңызды міндет. Ол үшін озық технология мен жасанды интеллектіні кеңінен пайдаланған жөн", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы сот ісін қашықтан жүргізу азаматтық істер бойынша аумақаралық соттылық жүйесін енгізуге мүмкіндік бергенін айтты. Сондай-ақ осы тәжірибені әкімшілік істерде қолдануды көздейтін заң жобасы депутаттардың қарауында жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев сот мамандарын іріктеу және құзыретін күшейтуге баса мән беру қажет екенін жеткізді. Президенттің айтуынша, Жоғары сот кеңесі дербес әрі кәсіби судьялар корпусын қалыптастырудың кепілі болуға тиіс.
Жалпы, судьялар адалдықтың, дербестіктің және әділдіктің жарқын үлгісі болуы керек. Сондықтан судьялардың этикалық нормаларды сақтауы ерекше маңызды. Жаңа өзгерістерге сай енді сот ісін қарау кезіндегі барлық өрескел қателікті қазылар қауымы тексереді. Бұл - соттардың тәртіптік жауапкершілігін күшейтуге бағытталған жаңа тәсіл", - деді Президент.
Сөз соңында Мемлекет басшысы судьялардың жаңа Әдеп кодексін қабылдауды қолдады. Бұл құжат соттардың тәртібінде жоғары стандарттарды бекітіп, сот жүйесіне қоғамның сенімін нығайта түседі.
Жиында Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев, Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның (CEРEJ) президенті Франческо Депаскуале, Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының (IACA) президенті Луис Пальма сөз сөйледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.10.2024, 16:46 47256
Президент ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің басшыларын қабылдады
Достарға айту
Президент ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің басшыларын қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің 55-ші отырысына қатысушылармен кездесті.
Мемлекет басшысы бұл алаңның қауіпсіздік саласындағы күш-жігерді үйлестіру тетігі ретінде танылғанын, сондай-ақ қазіргідей күрделі кезеңде Кеңестің рөлі бұрынғыдан да артып келе жатқанын атап өтті.
Президент шұғыл және сараптамалық ақпаратпен дер кезінде алмасу өңірлік қауіпсіздікке төнетін қауіптер мен сын-қатерлерге қарсы тұру қабілетін арттыра түсуге және елдеріміздің ұлттық мүдделерін қорғау үшін үйлестірілген тәсілдерді дайындауға ықпал ететінін айтты.
Мемлекет басшысы бұл кездесудің қорытындысы халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізіп, Достастық мемлекеттерінің арнаулы қызметтері арасындағы өзара ықпалдастықты одан әрі дамытуға оңтайлы жағдай жасайтынына сенім білдірді.
Жиынға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің, сондай-ақ ТМД терроризмге қарсы орталығы мен Атқарушы комитеті делегацияларының басшылары қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.10.2024, 13:26 47746
Астана қаласында волонтерлік қозғалыстардың көшбасшыларының слеті өтті
Достарға айту
Астана қаласында волонтерлік қозғалыстардың көшбасшыларының слеті өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
3-4 қазан күндері Астана қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдердегі Еріктілер қозғалысы көшбасшыларының слеті өтті. Басқосу аталған ұйымның Жастар кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылды. Алқалы жиынға Әзербайжан, Иран, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Тайланд, Тәжікстан, Шри-Ланка секілді әлемнің 21 елінен 450-ден астам делегат келді.
Слеттің пленарлық сессиясына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Бас хатшысы Қайрат Сарыбай, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева және шет елдердегі еріктілер ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Ерлан Қарин өз сөзінде Мемлекет басшысының волонтерлер қызметіне, олардың әлеуметтік әділдікті нығайтудағы, бірлік пен ынтымақтастық секілді негізгі құндылықтарды ілгерілетудегі рөліне баса мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші Қазақстандағы еріктілер қозғалысының ауқымы зор екенін, қазіргі таңда елімізде 740 волонтерлік ұйым табысты қызмет атқарып, жаңа мінез-құлық мәдениетін қалыптастырып жатқанын айтты.
Бұдан бөлек, Ерлан Қарин Қазақстан волонтерлерінің халықаралық еріктілер қозғалысын дамытуға қосқан үлесіне тоқталып, олар БҰҰ-ның, ЮНИСЕФ-тің еріктілер бағдарламасы мен өзге де халықаралық іс-шараларды жүзеге асыруға атсалысып жүргеніне назар аударды.
Слет делегаттары жан-жақты пікір алмасып, түрлі бастамалар мен ұсыныстар айтты. Сондай-ақ жиында волонтерлік қызметке қатысты маңызды мәселелер мен оның орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолындағы рөлі талқыланды.
Пленарлық сессия соңында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің аумағында волонтерлікті бірлесіп дамытуға қатысты ұсынымдар әзірленді. Сонымен қатар Волонтерлерді мобилизациялаудың халықаралық жылын өткізу туралы ұсыныстар айтылды.
Жалпы, АӨСШК Волонтерлер слеті білім мен тәжірибе алмасудың бірегей алаңына айналып, Азиядағы еріктілер қозғалысын дамыту жолындағы тағы бір маңызды қадам болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.10.2024, 11:17 48001
Құмар ойындарға қатысуға тыйым салудың алғашқы шаралары қолданылды
Достарға айту
Құмар ойындарға қатысуға тыйым салудың алғашқы шаралары қолданылды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
Елорда прокуратурасы алимент төлеуден жалтарған борышкерлердің құмар ойындарына қатысуын анықтап, олардың қатысуына шектеуге бағытталған жаңа тәсілді енгізді.
Талдау нәтижесінде 150 борышкердің өз балаларына 350 млн теңге қарыз бола отырып, құмар ойындарға қатысқаны анықталды.
Ағымдағы жылы алимент қарызы 2,5 млн теңгені құраған борышкерлердің бірі букмекерлік кеңсе арқылы 80 млн теңге жеке айналыммен құмар ойындарға қатысқан.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша жеке сот орындаушылары 150 борышкерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салды.
Бұл шектеудің жаңа түрі борышкерлердің ақшаны орынсыз жұмсауын болдырмайды.
2024 жылғы 9 қыркүйекте күшіне енген Қазақстан Республикасының "Ойын бизнесі туралы" Заңына сәйкес, елорда прокуратурасы ойын бизнесінің ұйымдастырушыларына борышкерлерді құмар ойындарға қатыстырмауға шақырады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 444-бабына сәйкес, аталған заңнамалық талаптарды сақтамаған жағдайда айыппұл салу, ал қайталанған бұзушылықтар үшін - лицензияның күшін тоқтату түрінде жаза қарастырылғанын еске саламыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.10.2024, 11:05 48431
Қазақстанда Алатау қаласын дамыту жөніндегі Жобалау кеңсесі іске қосылды
Достарға айту
Үкімет жанынан Алатау қаласын дамыту жөніндегі Жобалау кеңсесі іске қосылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Үкіметте Алатау қаласын дамыту жөніндегі Жобалау кеңсесінің бірінші отырысы өтті, оны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарды.
Мемлекет басшысы Алатау қаласын құру қарқынын жеделдету міндетін қойды. Осы аптада Премьер-Министрдің өкімімен Жобалау кеңсесі құрылды. Ол жетекшілік ететін салалар бойынша дербес жауапкершілікті айқындай отырып, жобалық тәсіл негізінде негізгі шешімдер қабылдауға арналған алаңға айналады. Қаланы құрудың алғашқы нәтижелері дәл 6 айдан кейін ұсынылуы керек. Бастапқы мәре - бүгін", - деп атап өтті Қанат Бозымбаев.
Жобалау кеңсесі отырысына қатысушылар заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу және инвесторлар тарту рәсімдерін жеңілдету сынды негізгі жұмыс бағыттарын анықтады.
Шетелдік инвесторлардың негізгі тілектерінің бірі - "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсету, инвестициялық цикл бойы қолдау және сервистік қызмет көрсету. Алматы облысының әкімдігі мен СІМ Инвестиция комитеті Алатауда осыған сай экожүйе құруы қажет", - деп атап өтті Қанат Бозымбаев.
Облыс әкімдігі резервтегі (өнеркәсіптік) "Арна" аймағында негізгі жобаларды анықтады. Қазірдің өзінде Алатауда 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, Dolce-Group, Hyundai Green Food және TBEA сияқты компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.
Жақын "Alatau" АЭА-ның алғашқы қатысушыларын тіркеу күтілуде. Алматы облысы делегациясының Қытайға, оның ішінде Шэньчжэньге әлеуетті инвесторлармен кездесу үшін сапары жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.10.2024, 18:29 77071
СҚО прокурорлары есірткіге қарсы күрес бойынша алдын алу шараларын қабылдауда
Достарға айту
СҚО прокурорлары есірткіге қарсы күрес бойынша алдын алу шараларын қабылдауда, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тапсырмасына сәйкес нашақорлыққа және есірткі қылмыстарынақарсы күрес бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Ағымдағы жылы өңірде есірткі заттарымен байланысты 202 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.
Тиісінше 570 кг-дан астам түрлі есірткі заттары тәркіленді.
Облыс прокуроры Қайрат Әбдіханов қадағалау органының үйлестіруімен психоактивті заттарды зерттеуге арналған және синтетикалық препараттар бойынша жоғары дәлдік пен жедел зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа үлгідегі құрылғылармен жабдықталған зертхананың ашылғанын атап өтті.
Облыс прокуратурасы сараптамалардың барынша жеделдігі мен дәлдігін қамтамасыз етіп қана қоймай, синтетикалық препараттармен байланысты жаңа қауіптердің алдын алу үшін ғылыми базаны белсенді дамыту міндетін алға қояды.
Интернет-ресурстар арқылы есірткі және психотроптық заттардың таралуын болдырмау мақсатында әлеуметтік желілерге күнделікті мониторинг жүргізіледі.
Жастармен және жасөспірімдермен нашақорлыққа қарсы күрес бойынша кешенді іс-шаралар өткізілуде.
Мысалы, қыркүйек айында Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің алаңында облыс прокуратурасының басшылығы орта арнаулы білім беру ұйымдарының оқушыларымен (300 адам қамылды) есірткі заттарын тұтынудың және таратудың алдын алу бойынша кең ауқымды кездесу өткізді.
Қатысушыларға ақпараттық бейнероликтер көрсетіліп, түрлі сұрақтар қамтылды, оның ішінде есірткі заттарын қолдануға итермелегені үшін қарастырылған жауапкершілік туралы түсіндірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.10.2024, 17:19 78396
Тоқаев Германия Президентін бірлік күнімен құттықтады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Германияның Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайер мен барша Германия халқын Бірлік күнімен құттықтады.
Президент Германия Федеративтік Республикасының өркендей беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Қазақстан мен Германияның дәстүрлі достық пен өзара тиімді серіктестік рухындағы ынтымақтастығы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайердің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Германия халқына бақ-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.10.2024, 14:20 81581
Қасым-Жомарт Тоқаев корей халқын Ұлттық күнімен құттықтады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Юн Сок Ёл мен корей халқын Ұлттық күнімен құттықтады.
Президент жеделхатында Кореяны экономикалық және технологиялық дамуда зор жетістіктерге қол жеткізген мемлекет ретінде атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік рухында нығайып келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар дәстүрлі достық пен берік байланысқа негізделген қазақ-корей ықпалдастығы халықтардың игілігі үшін одан әрі жандана беретініне сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Корея Республикасы Президентінің жауапты қызметіне толағай табыс, достас корей халқына құт-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
03.10.2024, 14:20Қасым-Жомарт Тоқаев корей халқын Ұлттық күнімен құттықтады 03.10.2024, 17:19 77786Тоқаев Германия Президентін бірлік күнімен құттықтады03.10.2024, 18:29 76461СҚО прокурорлары есірткіге қарсы күрес бойынша алдын алу шараларын қабылдауда01.10.2024, 17:21 58586Дүниежүзілік банк Қазақстанға қаржыландырудың жаңа құралдарын ұсынады02.10.2024, 14:59 56721Қазақстан Президенті V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлерін марапаттады
26.09.2024, 18:14 99986Қазақстандық аграрларды мемлекеттік қолдау көлемі 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғаяды26.09.2024, 16:35 95521«Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды26.09.2024, 16:23 94176Алматыда тау бөктерінде ТК құрылысы тоқтатылды: жоспардан тыс тексеру жүріп жатыр27.09.2024, 17:57 89801Қазақстан СТОБҮК ұйымына төрағалық етеді27.09.2024, 17:46 82361Астанада қоғамдық көлікке арнап 10 мыңнан астам виртуалды тариф шығарылды