22.07.2014, 19:49 2948

Франция Президенті Ф.Олланд елімізге 2014 жылдың екінші жартысында ресми сапармен келеді деп жоспарлануда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Иділбек Жақсыбеков Француз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Этьенмен кездесті.

Алматы. 22 шілде. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Иділбек Жақсыбеков Француз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Этьенмен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың түрлі жайттары, соның ішінде әскери-техникалық саладағы өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, тараптар Франция Президенті Ф.Олландтың біздің елімізге 2014 жылдың екінші жартысына жоспарланған ресми сапарына әзірлік мәселесін қарастырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны