29.04.2025, 12:09 37346

Гонконг авиакомпаниясы Астана мен Алматыға рейсті іске қосуды жоспарлап отыр

Гонконг авиакомпаниясы Астана мен Алматыға рейсті іске қосуды жоспарлап отыр
Гонконг авиакомпаниясы Астана мен Алматыға рейсті іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысының халықаралық әуе хабтарын дамыту және ішкі әуежайлар арқылы жүк тасымалдау көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегация Гонконг халықаралық әуежайында болды.

Гонконг халықаралық әуежайы 14 жыл қатарынан жүк көлемі бойынша әлемде бірінші орында тұр. 2024 жылы әуежайдың жүк айналымы 4,9 млн тоннаны құрады.

Сапар барысында Гонконг көлік-логистикалық бюросы директорының орынбасары Келвин Мамен және Гонконг әуежайының бас директоры Вивьен Ченгпен, сондай-ақ аймақтың жетекші әуе компаниялары қатарына жататын Hong Kong Airlines, Cathay Pacific және Hong Kong Air Cargo басшыларымен кездесулер өтті.

Келіссөздер барысында Гонконг әуе компанияларының 5-ші әуе еркіндігін пайдалана отырып, Алматы мен Астанаға жолаушылар рейсін ашу және Қазақстан мен Гонконг арасындағы жүк әуе тасымалдарын арттыру жоспарлары талқыланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны