21.05.2014, 22:39 2786

Гонконг Қазақстанмен туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы Бейбіт Атамқұлов бастаған қазақстандық делегация Еуропа мен Азия бойынша Гонконг саудасын дамыту кеңесінің өңірлік директоры Стивен Вонгпен кездесті.

Алматы. 21 мамыр. Kazakhstan today. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы Бейбіт Атамқұлов бастаған қазақстандық делегация Еуропа мен Азия бойынша Гонконг саудасын дамыту кеңесінің өңірлік директоры Стивен Вонгпен кездесті.

Кездесу барысында ол Гонконгтың Азиядағы ең ірі көрме ұйымдастырушысы болып табылады, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті. Жыл сайын мұнда 35 көрме шаралары өтіп, соның ішінде 3-еуі әлемдік деңгейдегі көрме болса, 6-ауы Азиядағы ауқымды шара болып табылады. Стивен Вонг Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін ілгерілету үшін аталмыш алаңды тиімді пайдалануды ұсынды.

ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиевтің айтуынша, гонконгтік тарап туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қызығушылығын білдіріп отыр. Соның ішінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге қатысуға деген қызығушылықтары жоғары.

Биылғы жылдың маусым айында Қазақстан Гонконгтағы әлемдегі ең ірі туристік көрмелердің бірінде өзінің туристік мүмкіндіктері мен ЭКСПО-2017 көрмесін таныстырады.

ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті гонконгтік тарапты Қазақстанның 2020 жылға дейінгі туристік саласын дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында Маңғыстау облысындағы Кендерлі демалыс орны, Ақмола облысындағы Бурабай демалыс орны мен өзге де туристік жобаларға қатысуға шақырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны