26.03.2025, 14:47 46566

Қазақстанның 10 өңірінде ГТҚ басқару жөніндегі ұйымдар құрылған

Еліміздің 10 облысында коммуналдық гидротехникалық құрылыстарды пайдалану және басқару бойынша мамандандырылған ұйымдар құрылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.

Бүгінгі таңда олардың балансына 809 нысан қабылданды, 203 бірлік арнайы техника беріліп, 932 маман жұмысқа орналастырылды.

Жаңа мекемелер Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Абай және Жетісу облыстарында ашылды. Осылайша, еліміздегі коммуналдық гидротехникалық құрылыстарды пайдалану және басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың жалпы саны 16-ға жетті.

Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңадан құрылған мекемелердің функциялары, міндеттері мен өкілеттіктерін реттеу үшін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру үстінде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны