05.06.2014, 19:53 4013

Халық статистикалық ақпараттың сапасы мен қолжетімділігіне баға берді - Статагенттігі

Зерттеудің мақсаты - пайдаланушылардың мемлекеттік статистиканың сапасы туралы пікірлерін; ресми статистикалық ақпараттың қолжетімділігі дәрежесін зерттеу, бағалау және талдау болып табылды.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan today. 2014 жылғы сәуір-мамырда Қазақстандағы үздік зерттеу компанияларының бірі Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы (ҚПЗО) Қазақстандағы статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың қанағаттанушылығы деңгейін зерттеу бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізді.

Зерттеудің мақсаты - пайдаланушылардың мемлекеттік статистиканың сапасы туралы пікірлерін; ресми статистикалық ақпараттың қолжетімділігі дәрежесін зерттеу, бағалау және талдау болып табылды.

Илеуметтік сараптама Қазақстанның барлық өңірлерінде жүргізілді. Зерттеу жүргізу кезінде мемлекеттік органдар, бизнес құрылымдар, жеке тұлғалар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарынан пікіртерім алынды.

Осы зерттеу өтініштердің барлық түрлері бойынша статистика органдарына жүгіну кезінде көрсетілетін қызметке қанағаттанушылықтың жеткілікті жоғары деңгейін анықтады: жүгіну түрі, бағалаудың орташа мәні, телефон арқылы-4,5, электрондық почта арқылы-4,6, почтамен/факспен жіберілген хат арқылы/өздері апарып берді -4,6, Агенттіктің веб-сайтына-4,5, жарияланымдарға, материалдарға, жинақтарға, бюллетеньдерге жазылуды пайдалану-4,7.

Алынған деректер өтініштердің барлық түрлері бойынша статистика органдарына жүгіну кезінде көрсетілетін қызметке қанағаттанушылықтың жеткілікті жоғары деңгейі туралы растайды, деп хабарлады ведомство.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны