06.09.2007, 15:02 2775

Халықаралық қылмыспен және терроризммен тек ТМД-ға мүше барлық мемлекеттерінің күші біріккенде ғана тиімді күресуге болады - ҚР ІІМ басшысы

Трансұлттық қылмыспен және халықаралық терроризммен тек Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше барлық мемлекеттерінің күші біріккенде ғана тиімді күресуге болады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 6 қыркүйек. БАКУ. Трансұлттық қылмыспен және халықаралық терроризммен тек Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше барлық мемлекеттерінің күші біріккенде ғана тиімді күресуге болады. Мұндай пікірін бүгін ТМД елдері ІІМ министрлер кеңесінің отырысы барысында Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

ТМД елдері ІІМ министрлер кеңесінің төрағасы болып табылатын Бауыржан Мұхамеджанов, сондай-ақ, бүгінгі отырыс шешімінің маңыздылығын атап өтті. Оның хабарлауынша, Қазақстанның ТМД елдері ІІМ министрлер кеңесіне төрағалық еткен бір жыл ішінде 2006 жылдың қыркүйегінен бері ТМД Атқарушы комитетінің салалық департаментімен тығыз өзара ықпалдаса отырып, трансұлттық қылмыстармен күресу күшін одан әрі өсіруге қатысты бірқатар ұйымдастырушылық және практикалық шаралар жүзеге асырылған.

"ТМД барлық елдерінің ішкі істер министрліктері белгіленген біріккен шараларды атқаруға қажетті жауапкершілікпен қатынасты, бұл біздің кеңестің астаналық отырысындағы шешімін жалпы жүзеге асыруға мүмкіндік берді",- деді қазақстандық министр.

Іс-шаралар аясында Бауыржан Мұхамеджанов ТМД елдері ІІМ министрлер кеңесіне төрағалық ету құқығын Изербайжанның ішкі істер министрі Рамило Усубовқа берді.

"Уақыт пен болып жатқан жағдайлар көрсетіп отырғандай, біздің ынтымақтастығымыз ұдайы нығая түсуде және елдеріміздің игілігі үшін жаңаша мазмұнмен байи түсуде, және де мен бұл процесстің ойдағыдай жалғасатындығына сенімдімін. Халықаралық терроризммен және ұлтаралық қылмыспен күрестегі жетістікке тек бейбіт өмірді, адамдардың қауіпсіздігін қорғау бағытында күш біріктіру, бірлік және өзара түсіністікпен ғана жете аламыз деп ойлаймын",- деді өз кезегінде Р. Усубов.

Бұрын хабарлағанымыздай, отырыс екі күнге созылады, отырыс барысында ТМД елдері ІІМ министрлер кеңесі қылмыспен, есірткілік және психотроптық заттардың заңсыз айналымымен және лаңкестікпен күрес жөніндегі 2008-2010-жылдарға арналған бірлескен күрес бағдарламаларының жобаларын, заңсыз көші-қонның алдын алуға бағытталған шараларын, қылмыспен күрес жөніндегі ақпараттармен алмасу жөніндегі келісім жобасын, ішкі істер органдарына арнап мамандар дайындау саласындағы ынтымақтастық, ТМД елдерінің ІІМ арасындағы ынтымақтастықты жолға қою және келісім-құқықтық базаны зерттеу нәтижелерін талқылайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны