05.10.2015, 18:56 3990

Халықаралық көрмелер бюросыныӊ Бас хатшысы Висенте Лоссерталес ЭКСПО-2017-ге дайындалу барысын тексеретін болады

5 қазанда Халықаралық көрмелер бюросыныӊ (ХКБ) Бас хатшысы Висенте Лоссерталестіӊ Астанаға үш күндік іссапары басталды. Бірінші кезекте ХКБ Бас хатшысы "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесті

Астана. 06 Қазан. Kazakhstan Today - 5 қазанда Халықаралық көрмелер бюросыныӊ (ХКБ) Бас хатшысы Висенте Лоссерталестіӊ Астанаға үш күндік іссапары басталды. Бірінші кезекте ХКБ Бас хатшысы "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесу барысында Ахметжан Есімов ұлттық компания тиімділік, ашықтық пен көп сатылылыққа ерекше көӊіл аударып, өз құрылымын айтарлықтай өзгерткендігін атап айтты.

"Біз құрылысты ойдағыдай бітіру үшін күн сайын жұмыс істеп отырмыз. Жұмыс жалғасуда. Осымен қоса, көрменіӊ мазмұндық бөлігіне, оныӊ сапалы контенттік мазмұнына ерекше көӊіл бөліп отырмыз", - деді Ахметжан Есімов.

ХКБ Бас хатшысы өз кезегінде қазіргі уақытта болашақ көрменіӊ өзегін құру қажеттілігіне назар аудару керектігін айтты.

"Біз осы уақытқа дейін біршама қарама-қарсы бағыттарда қозғалып жүрдік деп ойлаймын, бір жағынан - құрылыс, екінші жағынан - промоушн. Қазір біздіӊ іс-шарамыздыӊ өзегін құру қажеттілігіне назар аудару керек. Мұныӊ барлығына біртұтас тұрғыдан қарау аса маӊызды. Біз ендігәрі жоспарлау сатысында емеспіз, біз қазір ендіру сатысындамыз, осы күнге дейін талқылап жүргенімізді іске асыру сатысындамыз", - деді Висенте Лоссерталес Ахметжан Есімовпен кездесуде.

Ұлттық компанияда кездесу барысында халықаралық қатысушыларды қатыстыру барысы туралы, болашақ көрменіӊ контенттік бөлігі және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету туралы есептер тыӊдалды.

Іссапар барысында Висенте Лоссерталес ЭКСПО құрылыс алаӊына барып, сәулет-құрылыс жұмыстарыныӊ, оныӊ ішінде ЭКСПО қалашығындағы жұмыстар барысымен танысты. Халықаралық көрмелер бюросыныӊ Бас хатшысыныӊ іссапары қазанныӊ 5-інен 7-ісіне дейін жалғасатын болады. Естеріӊізге сала кетсек, Лоссерталестіӊ алдындағы іссапары 2015 жылдыӊ наурыз айында өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны