16.04.2014, 19:51 2907

Халықаралық сарапшылар Қазақстанның БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын жүзеге асыруын шолу шеңберінде Астана қаласында болды

2014 жылғы 7 - 11 сәуір кезеңінде Қазақстанның БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенция қағидаларын жүзеге асыру барысын шолу мақсатында Астана қаласында Пәкістан және Катар сарапшылары сапармен болды.

Алматы. 16 сәуір. Kazakhstan today. 2014 жылғы 7 - 11 сәуір кезеңінде Қазақстанның БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенция қағидаларын ("Қылмыстандыру және құқық қорғау қызметі" туралы 3 тарау және "Халықаралық ынтымақтастық" бойынша 4 тарау) жүзеге асыру барысын шолу мақсатында Астана қаласында Пәкістен және Катар сарапшылары сапармен болды.

ҚР Сыртқы істер министрлігінен хабарлағандай, елдік сапардың мақсаты шолу өткізіліп жатқан елдің мемлекеттік органдарымен шолу барысында туындағын мәселелерді талқылау, ҚР заңнамалары бойынша түсініктемелер алу және БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенция (бұдан кейін - Конвенция) қағидаларын іс жүзінде қолданудың практикалық мысалдарымен танысу болып табылады. Пәкістан және Катар сарапшыларының мемлекеттік органдармен толыққанды диалогын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Парламенті Сенаты және Мәжілісі депутаттарымен, Жоғарғы Сот, Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, Бас Прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Қаржы министрлігі, Сыртқы істер министрлігі және Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылды. Сондай-ақ сарапшылар Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесті.

Өткізілген кездесулер қорытындылары бойынша, Пәкістан мен Катар сарапшылары елдік сапар ұйымдастырылуының жоғары деңгейін атап өтіп, қазақстандық тараптың шолуды өткізуге "тиянақты дайындығын" оң бағалады.

Шолу туралы елдік баяндаманы дайындау үшін елдік сапар маңызды шарт болып табылады. Шолудың түйіндемесін БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ) дайындап, Конвенцияның жүзеге асырылу барысын шолу жөніндегі Үкіметаралық жұмыс тобының кезекті 2014 жылғы маусымда өтетін мәжілісіне ұсынылады деп күтіліп отыр.

Қазақстан Конвенцияға 2008 жылы қосылды. 2011 жылы Конвенцияның жүзеге асырылу барысын шолу жөніндегі Үкіметаралық жұмыс тобы жеребе салу арқылы Қазақстанның заңнамаларына шолу жүргізу үшін екі ел - Пәкістан және Катарды анықтады. Қазіргі таңда шолудың бірінші - қазақстандық тараптың кешенді бақылау сауалнамасына жауабы мен қазақстандық сарапшылардың Пәкістан және Катар сарапшыларымен бейне- және телефондық конференциясын қоса алғандағы кабинеттік шолу және екінші - ҚР мемлекеттік органдары және ҮЕҰ-мен кездесу үшін елдік сапар жасау кезеңдері аяқталды. Шолудың соңғы үшінші кезеңі БҰҰ ЕҚБ-сы шолудың түйіндемесін дайындап, оны Конвенцияның жүзеге асырылу барысын шолу жөніндегі Үкіметаралық жұмыс тобы қабылдаған кезде аяқталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны