01.03.2012, 10:16 3720

"Халықтық ІРО"-ға қатысты жүргізіліп отырған түсіндіру жұмыстары жеткіліксіз

"Менің ойымша, "Халықтық ІРО-ға" қатысты жұртшылыққа түсіндіру жұмыстары әлі де жеткіліксіз. Шынымен бұл бағытта азаматтардың сауатын арттыру қазіргі таңда толық деңгейде жүргізілмей отыр. Осыған байланысты біз "Самұрық-Қазына" қорында кеңес өткізіп, мәселені талқыладық. Жақын аралықтағы он күн ішінде біз сатылы жоспарлар әзірлейтін боламыз", - деді Кәрім Мәсімов.

Астана. 1-наурыз. Kazakhstan Today - "Халықтық ІРО"-ға қатысты жүргізіліп отырған түсіндіру жұмыстары жеткіліксіз, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында "2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау барысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті.

"Менің ойымша, "Халықтық ІРО-ға" қатысты жұртшылыққа түсіндіру жұмыстары әлі де жеткіліксіз. Шынымен бұл бағытта азаматтардың сауатын арттыру қазіргі таңда толық деңгейде жүргізілмей отыр. Осыған байланысты біз "Самұрық-Қазына" қорында кеңес өткізіп, мәселені талқыладық. Жақын аралықтағы он күн ішінде біз сатылы жоспарлар әзірлейтін боламыз", - деді Кәрім Мәсімов.

Премьер-Министрдің айтуынша, ағымдағы жылы екі компания "Халықтық ІРО-ға" өтетіні көзделіп отыр. "Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға қарастырылған қаражат қазір "Самұрық-Қазынаға" беріледі. Сондықтан да Үкімет Қормен бірігіп, ауқымды бағдарламаны даярлайтын болады. Оның барысында қолданыстағы кемшіліктерден бөлек, шетелде көрініс тапқан оң-теріс тәжірибелер де зерделенеді", - деді К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны