12.01.2007, 17:39 3101

Храпунов өзі басқаратын мекеменің алдына Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің деңгейіне жету міндетін қойды

АСТАНА. 12-қаңтар. Kazakhstan Today. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа жетекшісі Виктор Храпунов өзі басқаратын мекеменің алдына Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің деңгейіне жету міндетін қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Министрлік қарқынды алға жылжуға тиіс және алдағы уақытта Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің деңгейіне көтерілуі қажет",- деді В.Храпунов үкіметтің отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында. "Егер біздің еліміздегі және Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігіндегі жағдайды салыстыратын болсақ, тер төгетін тұстар аз емес",- деді ол.

"Біздің қызмет қарымды, жинақы, техникамен толық жарақтанған болуға тиіс. Барлық туындаған тауқыметтер оның өз күшімен шешілуге тиіс",- деді В.Храпунов. "Қазір үкімет Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігін ТМД елдеріндегі осындай мекемелермен теңестіру үшін қосымша жабдықтауға және басқа да қажеттіліктерге деп мекеме сұраған қаржыны бөле алады деген сенім зор",- деді министр.

"Маған министрлікті кез-келген төтенше жағдайды жоя алатын қазіргі заманғы қызметтің деңгейіне көтеру міндеттелді",- деді ол.

Министрліктің қызметкерлер құрамы туралы журналистер сауалына В.Храпунов былай деп жауап қатты: "министрліктегі команданы ауыстыру-ауыстырмауды уақыт көрсетеді және ол қазір министрліктегі орындарды иемденіп отырған мамандардың біліктілігіне байланысты болмақ".

Сонымен бірге министр өзімен бірге Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігінде істеген топ толығымен министрлікке жұмысқа келеді-міс деген қауесетті жоққа шығарды. "Мен бүгін ғана Астанаға ұшып келдім. Шығыс Қазақстан облысындағы команда сол жерде қалды. Оларды ешкім де орнынан босатқан жоқ. Меніңше, министрлік пен әкімшілікте атқарылуға тиісті істердің сабақтастығы барлық білікті мамандарды жұмыссыз қалдырмайды",- деді бұрынғы облыс әкімі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны