30.11.2006, 18:58 6347

ІІД-де күзет қызметімен айналысатын агенттіктерде жұмыс істейтін күзетшілердің кәсіби деңгейіне назар аударылды

АЛМАТЫ. 30-қараша. Kazakhstan Today. Алматы қаласы Бостандық аудандық Ішкі Істер Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Қасым осы ауданның ірі демалыс және сауда орындарында күзет қызметімен айналысатын агенттіктер басшыларымен кездесуінде күзетшілердің кәсіби деңгейі жайында мәселе көтерілді. Полицейлер мен күзетшілер арасында мұндай сұхбаттың болуына күзет мекемелері қызметкерлерінің қатысуымен болатын қылмыстар санының көбейіп отырғаны себеп болды, деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Талдау көрсетіп отырғандай, дүкендер мен кеңселерде жұмыс істейтін қауіпсіздік қызметінің өкілдері өздерінің тәжірибелері аздығынан тікелей қызметтік міндеттерін орындау барысында және қылмыстың алдын-алуға қатысты мәселелерде дұрыс шешім қабылдай алмайды.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда күзетшілердің өздерінің де ауыр қылмыстарға қатысы бар екені анықталып отыр. Мысалы, 2006 жылдың қарашның 19-күні Алматыдағы бір супермаркетінің күзетшісі жұмыс орнында айуандықпен өлтірілген болатын. Жедел шаралар барысында анықталғандай, бұл ауыр қылмысты жәбірленушімен бірге сол күні кезекшілікке шыққан оның қызметтесі жасаған болып шықты. Оған әлгілердің арасындағы кикілжің себепкер болған. Күдіктіні тез арада полиция қызметкерлері ұстаған болатын. Кейіннен оның кезінде қылмыстық жауапқа тартылғандығы анықталды.

Осы мәселеге жұмысқа алу кезінде белгісіз бір жағдайлармен аса мән берілмеген. Олардың айтуынша, бұрын-соңды қылмыстық жауапқа тартылған жандар белгілі бір аймақта тәртіпті сақтай алмайды, керісінше, өздері қылмыстың объектісі мен субъектісіне айналады.

Полковник Қасым әрбір азаматты жұмысқа аларда сапалы таңдау жүргізіп, Ішкі Істер Департаментінің тіркеуінен өткізіп, олардың ешқандай қылмыстық жауапқа тартылмағанына көз жеткізуі тиіс екендігін атап айтты.

Күзет фирмалардың басшылары өз кезекте полиция қызметкерлерінің пікірімен толық қосылып, бұл әдістің тиімді екенін және осы тексеруден соң ешбір қиындықсыз күзетшілерге аса маңызды объектілерді тапсыра алатындарын жеткізді. "Біздердің кадр таңдау барысында күш құрылымдарының бұрынғы қызметкерлері мен зейнеткерлеріне басты сенім артатынымыз рас, өйткені олар тәртіпті, әрбір іске үлкен жауапкершілікпен қарайды",-деді жиынға қатысушылар.

Бүгінгі таңда Алматыда 430 күзет агенттіктері қызмет етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны