27.11.2023, 20:45 29201

ІІМ-нің Кинологиялық орталығында ашық есік күні өтті

Қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен полиция жыл сайын 3700-ден астам қылмыс ашады
ІІМ-нің Кинологиялық орталығында ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызығушылық танытқандар иттердің іздестіру жұмысындағы шеберліктерін сынап, қызметтік иттерді оқытуға қатысты. Қонақтардың бірі өзін қаскүнем ретінде сынап, белгісіз бағытта жасырынып қалды, алайда Арчи есімді неміс овчаркасы оны иісі арқылы тез тауып алып, полиция қызметкерлері келгенше ұстады.

Студенттерге қызметтік иттердің көлікте және адамдардың киімдерінде жасырылған синтетикалық есірткінің иіс имитаторларының бар-жоғын қалай дәл анықтайтыны көрсетілді.

Мұндай іс-шаралар Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының профилактикалық іс-шаралары аясында өткізіледі. Олардың мақсаты - есірткі қылмысына төзбеушілікті насихаттау, жастарды кинолог-мамандардың күнделікті жұмысымен таныстыру, сондай-ақ жануарларға деген қамқорлықты қалыптастыру", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті кинология бөлімінің басшысы Алмас Кунтуов.


Қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен полиция жыл сайын 3700-ден астам қылмыс ашады, биыл 360 есірткі құқық бұзушылығы, 50-ге жуық кісі өлтіру, 10 шақты қарақшылық, 90-ға жуық тонау, 1400-дей ұрлық ашылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны