15.11.2011, 11:35 4614

ІІМ құқық қорғау органдарының бес қызметкерін өлтірген лаңкестің сыбайластары туралы хабарлады

Бүгін Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов Таразда өзін өзі жарып жіберген лаңкестің сыбайластары болғандығын хабарлады.

Астана. 15-қараша. Kazakhstan Today - ІІМ құқық қорғау органдарының бес қызметкерін өлтірген лаңкестің сыбайластары туралы хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов Таразда өзін өзі жарып жіберген лаңкестің сыбайластары болғандығын хабарлады.

"Біз қазіргі кезде осы бағытта жұмыс істеудеміз және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесін кейінірек хабарлайтын боламыз. Қазіргі кезде біз оның барлық байланыстарын тексерудеміз. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сыбайластар бар екендігі анықталып отыр", - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар ол аталмыш жанкештінің "халифат солдаттары" ұйымына қатысының болуы мүмкін деген болжам да қарастырылып жатқанын жеткізді.

"Изірге біз бұл адам істеген іс-әрекеттерін жалғыз атқарғанын айтып отырмыз", - деп толықтырды Қ.Қасымов.

Сонымен қатар министр, қылмыскердің гранатомет қаруы тексеріліп жатқандығын атап өтті. Қазіргі кезде ішкі істер министрлігі Қазақстандағы барлық стратегиялық нысандардың күзетін күшейтті.

Естеріңізге сала кетсек, сенбі күні Таразда қылмыскерді залалсыздандыру кезінде 7 адам қаза болды. Оның ішінде 5 полиция қызметкері бар.

Сенбі күні таңертең, бас прокуратураның мәліметтерінше жихадшыларды қолдайтын 34 жасар Мақсат Қариев Таразда бірқатар ауыр қылмыс жасады.

Атап айтқанда, ол оны сыртынан бақылап жүрген Жамбыл облысының екі ҰҚК қызметкерін өлтіріп, сағат 11-лер шамасында жергілікті тұрғынның Mazda-626 автокөлігін тартып алып, 11:35-те сатушы мен дүкендегі кездейсоқ адамды өлтіріп, қару-жарақ дүкенін тонап, 2 жартылай автоматты "Сайга" және "CZ" винтовкаларын оқтарымен алып кетті.

Одан соң қылмыскер тағы бір ВАЗ-21099 автокөлігін тартып алып, оны қуып келе жетқан арнайы күзет қызметінің екі қызметкері - полиция сержанты П. Аямқұлов пен Ж. Байсейтовты атып өлтіріп, олардың табелдік қарулары - Калашников автоматы мен Макаров тапаншасын алған.

Одан басқа, ол РПГ-26 гранататқышпен және автоматпен облыстық ҰҚКД ғимаратын атқылап, оқиға орнынан жасырыну барысында 12:45-тер шамасын екі атты полицейді жарақаттаған.

Ол өзі жаратын 13- сағаттар шамасында ІІД жол полициясының жеке батальон взводының командирі полиция капитаны Г. Байтасов қаза болды.

Қылмыскермен атыс кезінде жарақат алғандар арасында полиця сержанты С. Алашев та бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны