05.02.2007, 13:55 3051

ІІМ нақты ақпараттардың жоқтығын алға тартып, Нұрбанктің кеңсесіне жасалған шабуылға қатысты түсініктеме бермей отыр

АСТАНА. 5-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрілігі нақты ақпараттардың жоқтығын алға тартып, Алматыдағы Нұрбанктің бас кеңсесіне жасалған шабуыл дерегіне қатысты түсініктеме беруден бас тартты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазір біз Нұрбанк туралы түсініктеме бере алмаймыз, бұл дерек бойынша тексерулер жүргізіліп жатыр, нақты ақпараттар болғанда оны жария етеміз",- деді бүгін брифингте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрілігінің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов. "БАҚ-да, Интернетте бұл мәселеге қатысты қым-қиғаш ақпараттар өте көп, біз бұның бәрін тексеріп, жария етеміз",- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 31-қаңтар, сәрсенбіде Достық көшесі, 38-үйде орналасқан Нұрбанктің кеңсесіне қарулы адамдар тобы шабуыл жасады. Шабуылшыларды банктің күзетшілері залалсыздандырып, құқық қорғау органдарына табыстады. Артынан белгілі болғанындай, банкке шабуыл жасағандар - Алматы қалалық ІІД-нің жедел әрекет етуші арнаулы тобының штаттағы қызметкерлері болып шықты.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, қазіргі жағдаймен Алматы қалалық ІІД-нің жедел әрекет етуші арнаулы тобының оншақты қызметкері отставкаға кету туралы рапорт берген, Алматы қалалық ІІД-нің бірқатар жоғарғы лауазымды тұлғалары қамауға алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны