09.12.2015, 13:57 3998

ІІМ: Жүргізушілер үшін бағдаршамныӊ "қызыл" белгісінде оӊға бұрылуға рұқсат беру мәселесі зерттелуде

Бүгін Мәжілістіӊ жалпы отырысында депутат Тұрсынбек Өмірзақов жүргізушілер үшін бағдаршамныӊ "қызыл" белгісінде оӊға бұрылуға рұқсат беру ережесініӊ қажеттілігі туралы мәселе көтерді

Астана. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Мәжілістіӊ жалпы отырысында депутат Тұрсынбек Өмірзақов жүргізушілер үшін бағдаршамныӊ "қызыл" белгісінде оӊға бұрылуға рұқсат беру ережесініӊ қажеттілігі туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еске салайық, жалпы отырыста палата депутаттары "Жол жүрісі туралы" ҚР заӊына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасын бірінші оқылымда мақұлданған болатын, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Ұлы дағдарыс жылдарында АҚШ көлік жүргізушілеріне бағдаршамда тура жүруге тыйым салатын "қызыл" жанып тұрған сәтте оӊға қарай бұрылуға болатын ережені бекітіп берді. Бұл адамдар тиімді болған еді, өйткені бензинді де үнемдеуге, уақытын да үнемдеуге септігін тигізді. Екінші жағына, бұл ереже қазіргі таӊда кептелістер көп орын алатындықтан, біздіӊ көліктеріміздіӊ өткізу қабілетін 5 және одан да жоғары пайызға арттыратыны сөзсіз. Жол жүру ережесініӊ бұл жаӊа нормасын енгізуге Сіз қалай қарайсыз?", - деп сұрады депутат Тұрсынбек Өмірзақов Ішкі істер министрінен заӊ жобасын талқылау барысында.

Өз кезегінде Қалмұханбет Қасымов бұл мәселе былтыр да заӊ жобасын талқылау барысында көтерілгенін еске салды. "Біз бұл тәжірибеніӊ қолданылуын, тиімділігін зерттеу үстіндеміз. Яғни, бағдаршамныӊ "қызыл" шамында оӊға бұрылысқа рұқсат беру жүйесін әлі қарастырамыз. Оны асықпай талдаймыз, негіздейміз, сосын алдарыӊызға келуіміз де мүмкін", - деді министр Қ. Қасымов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны