18.05.2015, 11:28 3741

Іле Алатауыныӊ бөктерінде арнайы мақсаттағы ірі оқу-жаттығулар өтті

ҚР ҚК Құрлық әскерлерініӊ арнайы бөлімшелерінен 100-ден аса әскери қызметші таулы жерлерде жауынгерлік іс-қимылды жүргізу тактикасын меӊгеруде. Осы мақсатта Алматыдағы ҚР ҚМ Армияныӊ орталық спорт клубыныӊ "Тұйық-су" таулы оқу-жаттығу орталығыныӊ базасында лагерлік жиын өрістетілді

Астана. 18 Мамыр. Kazakhstan Today - ҚР ҚК Құрлық әскерлерініӊ арнайы бөлімшелерінен 100-ден аса әскери қызметші таулы жерлерде жауынгерлік іс-қимылды жүргізу тактикасын меӊгеруде. Осы мақсатта Алматыдағы ҚР ҚМ Армияныӊ орталық спорт клубыныӊ "Тұйық-су" таулы оқу-жаттығу орталығыныӊ базасында лагерлік жиын өрістетілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Екі апта ішінде әскери қызметшілер таулы шыӊға шығуды, таулы аймақта техникамен жүру арқылы Іле Алатауыныӊ мұз бен қар басқан күрделі жерлерімен ұрысуды игерді. Арнайы мақсаттағы әскерилерге таулы жерлерде даярлықты жүргізуге ҚР ҚМ АОСК армияныӊ тәжірибелі спортшыларынан құралған арнайы мақсаттағы командасы нұсқаушылық етеді. Команданыӊ бастығы аға лейтенант Мақсұт Жұмаев аталған жиындар жауынгерлердіӊ машықтанған дағдысын қалыптастырып, арнайы бөлімшелермен тәжірибе алмасу үшін маӊызды деп атады.

Искери қызметшілер жиынныӊ барлық уақытын далалық жағдайда өткізеді. Осыған орай таулы оқу-жаттығу аймағында шатырлы лагерь құрылды.

Оқу-жаттығудыӊ соӊында олар емтихандар мен сынақтар тапсырады. Тексеру нәтижелері - бұл арнайы мақсаттағы бөлімшелердіӊ таулы жерлерде және күрделі ауа-райында жауынгерлік іс-қимылды жүргізуде даярлық деӊгейін көрсетеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны