27.10.2016, 16:12 5399

Иманғали Тасмағамбетов ЮНЕСКО-ныӊ мәдени мұра нысандарыныӊ сақталу мәселелері бойынша көшпелі мәжіліс өткізді

ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Алматы облысы Талғар ауданындағы "Талхиз" орта ғасырлық қалашығыныӊ сақталуы мәселелері бойынша көшпелі кеӊес өткізді.Ол Талғар (Талхиз) қалашығыныӊ маӊындағы барлық құрылыс жұмыстарын тоқтатуға тапсырма берді.

Алматы. 27 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін, 2016 жылғы 27 қазан күні, ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Алматы облысы Талғар ауданындағы "Талхиз" орта ғасырлық қалашығыныӊ сақталуы мәселелері бойынша көшпелі кеӊес өткізді, деп хабарлайды Үкіметтіӊ баспасөз қызметі.

Бүгінгі таӊда мәдени мұра нысанын сақтап қалудыӊ өзектілігі өте маӊызды саналады. Еске сала кетейік, 2014 жылдан бері қарай тарихи нысан халықаралық мәртебеге ие, оны пайдалану, қорғау, сақтау және басқаруда 1994 жылы Қазақстан ратификациялаған халықаралық келісім - Илемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау жөніндегі Конвенцияныӊ тәртібі мен нормасы қолданылады.

Кеӊес барысында вице-премьер атап өткендей, осынау Конвенцияны ратификациялау осы мұраны қорғау, сақтау, қайта қалпына келтіру және насихаттау үшін құқықтық, ғылыми, техникалық, әкімшілік және қаржылық шараларды қамтамасыз ету бойынша айтарлықтай жауапкершілік пен міндеттемелерді жүктейді. Алайда, Талхиз қалашығы жағдайында жоғарыда аталған миссияны орындауда мемлекеттік органдардыӊ алдын-ала келісілмеген іс-қимылы нысанды әлемдік мұра тізімінен алып тастауға себеп болмақ.

"Бұл орайда, тарихи нысанныӊ ЮНЕСКО-ныӊ Илемдік мәдени мұра тізімінде қалуы және тереӊ археологиялық зерттеуге берік негіз қалыптастыру үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Сондықтан, алдағы тәжірибелік іс-қимылдарды орындауда нақты нәтижелерді білу үшін ғылыми-барлау зерттеулерден тұратын кешенді шараларды жүзеге асыруымыз қажет" - деді Иманғали Тасмағамбетов.

Кеӊес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдіӊ орынбасары келесі шешімдерді қабылдап, нақты тапсырмалар берді: - Біріншіден, Талғар (Талхиз) қалашығыныӊ маӊындағы барлық құрылыс жұмыстары тоқтатылсын; екіншіден, Алматы облысыныӊ әкімдігі қорғау аймағынан тыс жаӊа айналма жол құрылысын жобаласын және жүргізсін; үшіншіден, жергілікті жердіӊ бедерін қалпына келтірсін, атап айтқанда, жол төсемін салу үшін қазылған арықтарды топырақпен жапсын; төртіншіден, қорғалған аймақтыӊ айналасына қоршау орнатсын, сондай-ақ, ғимараттыӊ қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз етсін, оныӊ ішінде жер асты суларынан қорғау, ескерткіш маӊындағы арықтарды құрғатсын; бесіншіден, әкімдік қосымша археологиялық зерттеулер жүргізу үшін облыс бюджетінен қаржы бөлсін; алтыншыдан, Мәдениет және спорт министрлігі ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясымен бірлесіп тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша тиімді жоспарлау және басқаруды қамтамасыз ету мақсатында ҚР заӊнамасына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлесін.

Айта кетейік, алдағы айда Премьер-Министрдіӊ орынбасары Иманғали Тасмағамбетов орын алған жағдайды шешу мақсатын Қазақстанныӊ мемлекеттік органдары тарапынан тиісті шаралар жүргізіліп жатқандығы жөнінде ЮНЕСКО-ныӊ бас директоры Ирина Боковамен келіссөздер жүргізеді.

Еске сала кетейік, Талхиз қалашығы қазіргі Қазақстан, Қырғызстан және Қытай аумағында орналасқан Ұлы жібек жолы бойындағы орта ғасырлық 33 қалашықтыӊ бірі саналады. 2014 жылы Талхиз ЮНЕСКО-ныӊ Илемдік мұралар тізіміне енгізілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны