04.02.2014, 19:44 4097

Индустрия және жаңа технологиялар министрі президентке биылғы жылға арналған жоспарлар туралы баяндады

И.Исекешев Мемлекет басшысына министрліктің 2013 жылғы жұмыс қорытындылары, соның ішінде Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру және Индустрияландыру картасының жобалары, сондай-ақ биылғы жылға арналған жоспарлар туралы баяндады.

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешевпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan today.

И.Исекешев Мемлекет басшысына министрліктің 2013 жылғы жұмыс қорытындылары, соның ішінде Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру және Индустрияландыру картасының жобалары, сондай-ақ биылғы жылға арналған жоспарлар туралы баяндады.

Атап айтқанда, И.Исекешев өнеркәсіптің базалық салаларының өсу қарқыны, салалық бағдарламаларды жүзеге асыру және индустрияландыру аясында бизнесті қолдаудың негізгі шаралары жайлы хабардар етті.

Қазақстан Президенті өнеркәсіпті, электр энергетикасын, арнайы экономикалық аймақтарды одан әрі дамытуды, сондай-ақ шетелдік инвестициялар тартуды қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығының жобасын инновациялық қамтылуын ескере отырып, сапалы әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны