22.12.2015, 10:51 4393

Интернационал жауынгерлерге "Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы" ордендерін табыс етті

Солтүстік Қазақстан облысыныӊ Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарыныӊ интернационал жауынгерлеріне ордендерді табыстауға арналған іс-шара өтті

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысыныӊ Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарыныӊ интернационал жауынгерлеріне ордендерді табыстауға арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы" ордені "Патриот KZ" халықаралық қордыӊ шешімімен бекітілді. Бұл орденмен интернационал жауынгерлер Болат Ережепов пен Игорь Гамов марапатталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Одан басқа, қазақстандық патриотизм рухында жастармен әскери-патриоттық жұмысты өткізуде сүбелі үлес қосқаны үшін Солтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментініӊ бастығы полковник Е.Байболовты ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаты, Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев "Батыр шапағаты" медалімен марапаттады.

Іс-шараға оқшаулы соғыс пен ауған соғысыныӊ ардагерлері, интернационал жауынгерлер, ҚР Қорғаныс министрлігініӊ әскери-техникалық мектеп тәрбиеленушілері, Солтүстік Қазақстан облысыныӊ Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен басқармасыныӊ жеке құрамы және Ақмола облысыныӊ Қорғаныс істері жөніндегі департаментініӊ бастығы полковник Ж.М.Ережепов шақырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны