19.09.2008, 18:22 5421

Ішкі істер министрлігі "Қалалық, аудандық және желілік ішкі істер органдарының үздік бастығы" атты үшінші республикалық байқау-конкурсын өткізді

Ішкі істер министрлігі "Қалалық, аудандық және желілік ішкі істер органдарының үздік бастығы" атты үшінші республикалық байқау-конкурсын өткізді

Астана. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ішкі істер министрлігі "Қалалық, аудандық және желілік ішкі істер органдарының үздік бастығы" атты үшінші республикалық байқау-конкурсын өткізді. Шараның мақсаты - кәсіби шеберлікті одан әрі жетілдіру, алдыңғы қатарлы тәжірибені тарату және енгізу, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр жұмысы департаментіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 18 қыркүйекте аумақтық полиция бөліністерінің 18 үздік басшылары нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік тілді білуде сайысты. "Алатау" спорт кешенінде табельдік қарудан ату бойынша жарыстар өткізілді, дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақтар қабылданды.

19 қыркүйекте ІІМ-де вице-министр Олег Федоров жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтарды, сондай-ақ аумақтық полиция органдарының ұжымдары үшін автомобиль кілттерін табыс етті.

Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің Қармақшы ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы полиция майоры Иміржан Өтегенов үздік атанды. Ұжым "Фольксваген-Джетта" автомобилімен марапатталды.

Екінші орын алған Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің Сәтпаев қаласы ішкі істер бөлімінің бастығы полиция полковнигі Серікбай Жаппаров дипломмен, сыйақымен және өз бөлімшесі үшін ВАЗ-21703 "Приора" автомобилімен марапатталды.

Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Уәлиханов ауданы Ішкі істер басқармасының бастығы полиция подполковнигі Имамбай Жомартов үшінші орынды иеленіп, УАЗ-31514 автомобилін алды.

Үздіктер арасында, сондай-ақ бөліністеріне көтермелеу сыйлықтары - компьютерлер табыс етілген Ақтөбе облысы Ішкі істер департаментінің Қарғалы ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ардақ Қалиұлы Исмаилов және Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті Қордай ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы полиция полковнигі Талғат Көшкінбайұлы Жүнісқадыров көзге түсті.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлерінің, әсіресе аумақтық органдардың орта буын басшыларының кәсіби даярлығына ерекше көңіл аударуда. Өйткені олардың даярлық деңгейі мен құзыреттілігі көптеген жағдайларда өз мекенжайларында құқық бұзушылықтың алдын алумен, қылмысқа қарсы күреспен, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, азаматтардың құқықтарының және заңды мүдделерінің сақталуымен тығыз байланысты.

Министрлік қалалық, аудандық және желілік ішкі істер органдары қызметкерлерінің жұмысын моральдық және материалдық ынталандыру үшін нақты шаралар қабылдауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны