23.09.2009, 18:08 3283

"Іздестіру" кең көлемді жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында кісі өлтіргені үшін іздеуде болған 8 қылмыскер ұсталды

"Іздестіру" кең көлемді жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында кісі өлтіргені үшін іздеуде болған 8 қылмыскер ұсталды

Астана. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Іздестіру" кең көлемді жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында кісі өлтіргені үшін іздеуде болған 8 қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция комитетінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, іздестіруде жүрген қылмыскерлерді анықтау және ұстау мақсатында ағымдағы жылғы 14-21 қыркүйек аралығында республика аумағында "Іздестіру" кең көлемді жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Операцияны өткізу барысында ішкі істер органдарының, ішкі әскерлердің, әкімшілік, жол, көші-қон және басқа да қызметтердің күштері мен құралдары тартылды.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде болған 449, бұрындары жасалған 39, оның ішінде 5 жылдан астам іздеуде болған 6 , кісі өлтіргені үшін - 8; қарақшылық шабуыл жасағаны үшін -7, тонау - 30, денсаулыққа ауыр жарақат келтіргені үшін - 10 адам және ұйымдасқан қылмыс желісі бойынша 2 адам ұсталды",- деп хабарлайды ІІМ Криминалдық полиция комитеті.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "15 қыркүйекте операция шеңберінде Алматы қаласында Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының тұрғындарынан тұратын орнықты қарулы топ әшкереленді, оның құрамына 2008 жылдың қарашасынан іздестіруде болған 31 жастағы Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Ол Талдықорған қаласы дәмханаларының бірінде өзіне таныс емес екі адамға тапаншадан оқ атып, оқиға болған жерден жасырынған. Жәбірленушілер оқ жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілген".

Сондай-ақ, ІІМ ақпаратына сәйкес, "Тюмень қаласында Ресей құқық қорғау органдары 36 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Ол Шығыс Қазақстан облысының ІІД-де 10 жылдан астам іздеуде болған. Ұсталғанға Бородулиха ауылында кісі өлтірді деген айып тағылған. Оны экстрадициялау мәселесі шешілуде".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, Астана қаласының ІІД қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Монғолияда туған 19 жастағы Қарағанды облысының тұрғынын ұстады, күдікті 2008 жылғы желтоқсанда 5 адам болып топтасып, тапанша мен пышақты қолданып, Астана қаласының ЖШС-нің бірінің күзетшісіне қарақшылық шабуыл жасаған, осылайша ЖШС-іне 1,5 млн теңгеге залал келтірген. Қылмысқа қатысқандардың бірі ізін суытпай ұсталып, қалған төртеуі полициядан қашып жүрген болатын. Қабылданған шаралармен, қылмысқа қатысқандардың бәрі ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Бұған қоса, "Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласының ІІД қызметкерлері 36 жастағы азаматты ұстады, ол 2003 жылдың қазанында мас күйінде бір топ адамдармен бірге қаланың үш тұрғынына пышақ салып, өлтірген. Қылмысқа қатысқан екі адам 2004 жылғы желтоқсанда ұсталып, бас бостандығын айыру орындарында отыр. 18 қыркүйекте ІІМ Криминалдық полиция комитетінің қызметкерлері РФ Омск облысының ІІБ-нен іссапарға келген қызметкерлермен бірге Астана қаласында Қазақстан Республикасының 48 жастағы азаматын анықтап, ұстады, ол Омск облысында жәбірленушінің өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын келтіргені үшін 2005 жылдан бері іздеуде жүрген. Ұсталғанды одан әрі қылмыстық қудалау туралы мәселе қазіргі уақытта "Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы" Минск конвенциясына сәйкес шешілуде".

ІІМ мәліметінше, ТМД елдерінің құқық қорғау органдары іздеп жатқан 37 қылмыскер, оның ішінде Ресей үшін - 34, Өзбекстан үшін - 2 және Молдова үшін 1 қылмыскер ұсталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны