04.11.2019, 16:10 12566

"Көкнәр-2019" республикалық операциясы аяқталды

19,4 тонна түрлі есірткі, оның ішінде 19 кг. героин, 370 гашиш және 9 кг. синтетикалық есірткі алынды.

Нұр-Сұлтан. 4 қараша. Kazakhstan Today - 31 қазанда жыл сайын маусымнан қазанға дейін елде қарасора пісетін кезеңде өткізілетін "Көкнәр-2019" республикалық операциясы аяқталды.

Оның негізгі міндеті -елдің оңтүстік аймақтарынан марихуана мен гашишті әзірлеу шығаруға тосқауыл жасау, сондай-ақ есірткі, оның ішінде олардың жаңа түрлерін таратуға бейімделген ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне қарсы іс-қимыл жасау.

"Көкнар-2019" өткізу кезеңінде 3000-ға жуық есірткі құқық бұзушылығы тіркелді, оның ішінде 900-ге жуық есірткі қылмысы, оның ішінде 411-өткізумен байланысты, аса ірі мөлшерде есірткі сақтау -156, контрабанда -84, ұйымдасқан қылмыстық топтар құру-5, өсіру - 187.

Заңсыз айналымнан 17,5 тоннадан астам түрлі есірткі, оның ішінде шамамен 8 кг. героин, 220 келіден аса гашиш және 4,7 тонна марихуана тәркіленді.

Қостанай облысында осы аймақта есірткі сатқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды.Қылмыстық топ 10 адамнан тұрды, онда әркімнің өз атқаратын рөлдері болды.

Ұстау және іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде өткізуге дайындалған 400 грамм героин, 3,5 миллион теңге және 6,5 мың АҚШ доллары, алтын бұйымдар тәркіленді.

"Атамекен" шекара бекетінен Өзбекстан аумағынан Қазақстан Республикасына өтіп бара жатқанда, Тәжікстан азаматының басқаруындағы "Нексия" маркалы автокөлік тоқтатылды.Көлік құралын тексеру кезінде салмағы 2 кг болатын героин табылды.

Жамбыл облысында Шу ауданы Ақтөбе ауылынан 30 шақырым жерде құмды жерде ішінде салмағы 275 кг болатын 24 қап "кептірілген марихуана" табылған көлік ұсталды.

Соңғы бірнеше жылда ұйымдасқан қылмыстық топтардың жоғары концентрацияланған "үнді қарасорасын" өсіру әрекеттері Қызылорда облысында және оған жақын аудандарда тұрақты түрде тіркеліп, жолы кесілуде.

Қызылорда облысының Арал қаласынан 300 шақырым жерде ен далада қара сора егістік алқабы анықталды, жалпы салмағы 1,3 тонна болатын 2,5 мыңға жуық қарасора бұталары табылып, тәркіленді. Құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіргені үшін Қызылорда облысының тұрғындары ұсталды.

Қызылорда облысының Аққырауылынан 50 шақырым жерде Қызылорда қаласының тұрғындары ұсталды, олардан жалпы салмағы 1 тонна болатын 2 мыңнан астам қарасора бұталары табылып, тәркіленді.

Арал қаласынан 300 шақырым жерде Арал ауданы ПБ қызметкерлері 3000 бұта мөлшерінде қара сора алқабын тапты. Сол жерде қаруды пайдаланып оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан 6 адам ұсталды. Оқиға орнынан полицейлер 2 дана мылтық тәркіледі. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде.

Барлығы Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе және Қарағандыоблыстарында жалпы аумағы 200 гектардан асатын 24 қарасора алқабы табылды. Онда салмағы 7 тоннадан асатын 30 мыңнан астам жабайы өсетін қарасора бұталары тәркіленіп, жойылды.

Осы жылы өткізілген "Көкнәр" арнайы операциясында жаңа буындағы синтетикалық есірткілердің таралуына қарсы іс-қимыл жасауға ерекше көңіл бөлінді. Бұлқазіргі уақытта белгілі жаңа психобелсенді заттарға бақылау орнататын ұлттық заңнамаға енгізілген түзетулердің арқасында мүмкін болды.

Алматы қаласында алдыңғы жолаушы отыратын орынның астындағы көлікті тексеру кезінде 502 грамм синтетикалық есірткі салынған екі полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.

Шығыс Қазақстан облысында жедел іздестіру шаралары барысында облыс орталығының бұрын сотталған тұрғыны ұсталды, оның пәтерін тінту кезінде, салмағы 400 грамнан асатын "скорость" ретінде танылған есірткісі 216 полимерлі бума тауып алынды.

Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткілерді әзірлеген жасырын зертхана анықталған.

Есірткі әзірленген күдіктінің үйін тінту барысында (концентрат болып табылатын) 20 пакет "жалбыз", 15 пакет "түймедақ", 17 бөтелке этил спирті ("дәмдеуіштерді" өндіруге арналған компонент), ақ ұнтақты зат - концентрат, 5 литрлік 2 полимерлі бөтелкелер және синтетикалық каннабиноиды бар юника (соңғы синтетикалық "дәмдеуіш" препаратын дайындау үшін контейнер ретінде пайдаланылған), электронды таразылар және 19 гр. грамм дәмдеуіш деп аталатын тұтынудың түпкілікті өнімін өндіруге арналған зат табылып тәркіленді.

Сондай-ақ, Петропавл қаласында жедел қызметкерлер мен ақпараттық коммуникациялық жүйелер саласындағы мамандардың жұмысының нәтижесінде электрондық коммуникациялар жүйесі -мессенджерлер мен электронды төлем жүйелері арқылы есірткі өткізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.

Есірткі бизнесіндегі "еңбек" жолын интернет-дүкендегі курьер-тығушы ретінде бастаған,ұсталғанны адамның біреуінен салмағы 6 гр. каннабистің синтетикалық тектес заты "спайс", салмағы 70 гр. (қара нарықтағы бағасы 1.400.000 теңге болатын, 700-ден астам бір реттік өлшемді құрайтын) "соль" деген атауы бар зат табылды. Есірткі қолдануға арналған металл және шыныдан жасалған түтікшелер, буып-түйюге арналған материалдар табылды.

Петропавлда 9 жасырын "закладка" табылды. Ондағы тылығлған есірткілер алынды.

Аталған фактіні ашу барысыныда синтетикалық есірткілерді іздестіру үшін алғаш рет дайындалған қызметтік-іздестіру иті пайдаланылды. Осындай иттер еліміздің барлық өңірлерінде үйретілді.

"Көкнәр-2019" барысында жаңа психоактивті заттардың заңсыз айналымымен байланысты 240 есірткі қылмысы тіркелді, оның ішінде 70 есірткі қылмысы, оның ішінде 64 сату, 6 сақтау, 170 теріс қылық, тіркелді. Заңсыз айналымнан 2 кг 190 гр. әр түрлі жаңа психобелсенді заттар алынды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жасаумен қатар, полиция есірткіге деген сұранысты азайту және тұрғындармен кері байланыс орнату үшін көптеген жұмыстар атқаруда.

"Facebook" және "Instagram" әлеуметтік желілерінде "Есірткіге жоқ" аккаунттары, YouTybe бейнехостингінде "Есірткіге жоқ" арнасы құрылды. Олар Министрліктің ресми ақпараттарымен, сондай-ақ есірткіге қарсы заңнаманың өзгеруі, нашақорлық мәселелері, халықаралық тәжірибе туралы ақпараттармен толықтырылады.

Құқық бұзушылықтарға жедел ден қою үшін Whats-App мессенджерінде аккаунт құрылды, ондағы ақпарат тәулік бойы қабылданады. Негізінен, бұл есірткі тарататын жарнамалық сайттар немесе телеграм каналдары жазылған граффити суреттері туралы шағымдар. 20 хабарлама бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Еуропалық серіктестермен және ҮЕҰ-мен бірлесіп, әлеуметтік желілерде таратылатын "Мықты отбасы-жаман әдеттерден арылу" атты 5 бейнеролик дайындалды. Аружан Саин, Адель Смит сынды танымал медиа тұлғалары бейнероликтерді түсіруге қатысты.

Нашақорлықтың алдын алудың халықаралық тәжірибесі жергілікті билік органдарының, азаматтық сектордың, үкіметтік емес ұйымдардың және журналистердің қатысуымен зерттелуде. АҚШ елшілігінің қатысуымен пилоттық жоба еліміздің төрт аймағында өткізіледі.

Анықтама ретінде:

Ағымдағы жылдың 10 айында барлығы 1878 есірткі қылмысы, оның ішінде 1118 есірткі өткізу фактісі және 323 аса ірі көлемде есірткі сақтау фактісі анықталды..

19,4 тонна түрлі есірткі, оның ішінде 19 кг. героин, 370 гашиш және 9 кг. синтетикалық есірткі алынды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны