27.09.2023, 12:46 41611

Көлік министр "Қытай темір жолдары" директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті

Еліміздің көлік министрі Марат Кәрімжанұлы Қарабаев "Қытай темір жолдары" директорлар кеңесінің төрағасы Лю Чжэньфан бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сөз кезегінде қытай тарапы "Бір белдеу, бір жол" бастамасына қазақстандықтардың қолдау көрсеткеніне алғыс білдірді. Аталған стратегиялық бағдарлама шеңберінде логистикалық секторда бірқатар бірлескен жоба жүзеге асырылғанын атап өткен орынды. Олардың қатарында Ляньюньган портындағы терминал және Орталық Азиядағы ең ірі Khorgos Gateway құрғақ порты, сондай-ақ Сиань қаласындағы жаңа қазақстандық логистикалық орталықтың құрылысы бар.

Делегатттар сонымен бірге екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін одан әрі кеңейтуге мүмкіндік беретін темір жол жобаларын, оның ішінде Бақты-Тачэн жобасын іске асыру мәселелерін талқылады. Осы мақсатта тараптармен Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші трансшекаралық теміржол жобасын бірлесіп іске асыруды қарау мәселелері бойынша құрылып жатқан Қазақстан-Қытай жұмыс тобына қатысты мәселелер де қаралып, өзара ынтымақтастықты жалғастыру ниетін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны