05.05.2016, 18:57 4042

Қ.Өскенбаев ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

Бұл қызметке Қайырбек Айтбайұлы ҚР Үкіметініӊ 2014 жылғы 13 тамыздағы № 918 қаулысымен тағайындалған болатын,

Астана. 5 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев өз еркімен отставкаға кетуге өтініш берді, деп мәлімдеді ведомствода, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл қызметке Қайырбек Айтбайұлы ҚР Үкіметініӊ 2014 жылғы 13 тамыздағы № 918 қаулысымен тағайындалған болатын, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Осыныӊ алданда ол 2004 жылдан ҚР Индустрия және сауда министрлігініӊ Сауда және туристік қызметті реттеу жөніндегі комитеті төрағасы, 2006 жылғы мамырдан ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетініӊ төрағасы қызметтерін атқарды.

2007 жылғы қыркүйектен 2011 жылғы мамыр айы аралығында ҚР Туризм және спорт министрлігініӊ вице-министрі, 2013 жылғы ақпан айынан ҚР Өӊірлік даму бірінші вице-министрі лауазымдарында қызмет етті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны