19.04.2016, 16:18 5230

Қ.Тоқаев: Бейбітшілік жолындағы күрес - әрбір мемлекеттіӊ парызы

Қазақстан Парламенті Сенатыныӊ Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 19 сәуірде Мәскеуде өткен Еуразия елдері Парламенттері спикерлерініӊ Бірінші кеӊесінде сөз сөйледі, деп хабарлады ведомство

Астана. 19 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Парламенті Сенатыныӊ Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 19 сәуірде Мәскеуде өткен Еуразия елдері Парламенттері спикерлерініӊ Бірінші кеӊесінде сөз сөйледі, деп хабарлады ведомство, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Еуразия өӊірі елдерініӊ ХХІ ғасырдағы ортақ игілігі жолындағы парламентаралық ынтымақтастық" тақырыбындағышараға Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасыныӊ Төрағасы Сергей Нарышкин мен Корея Республикасы Парламентініӊ Спикері Чон Ый Хва бастамашылық жасады. Сенат Төрағасы парламентшілердіӊ назарын соғыс вирусыныӊ таралу салдарына тереӊ талдау жасайтын Президент Н.Назарбаевтыӊ "Илем. ХХІ ғасыр" атты манифесініӊ мазмұнына аударды. Сенат Төрағасыныӊ пікірінше, мемлекеттер арасындағы сенім дағдарысы, халықаралық құқықты елемеу, әлемдік істерде үстемдік етуге ұмтылыс, басқа халықтардыӊ тарихы мен мәдениетіне немқұрайлы қарау ? қазіргі заманныӊ басты түйткілдері болып табылады. "Қазіргі өркениетті сандаған қарулы қақтығыстар мен ажал себетін соғыс қатерінен арылту үшін күллі мемлекеттердіӊ көшбасшылары саяси ерік-жігер көрсететін уақыт жетті. Дүниежүзіндегі барлық мемлекеттер күш біріктірмей, Жер шары тұрғындарыныӊ игілікті өмірі туралы айту мүмкін еместігін түсінуміз қажет", - деді Қ.Тоқаев, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Төраға әлемде қару-жараққа 2 триллион долларға жуық қаражат жұмсалатынын атап өтті. Бұл бірқатар елдердіӊ парламенттері өз үкіметтерініӊ табанды талабы бойынша даму мақсаттарынан гөрі әскери қажеттіліктер басым түсетін бюджеттерді қабылдап отырғанын айқын көрсетеді. Ал, бейбітшілік үшін күрес - бұл көлемі мен күш-қуатына қарамастан, әрбір мемлекеттіӊ саяси және моральдық парызы болып табылады, деп атап көрсетті Спикер.

Семей ядролық полигоны жабылуыныӊ 25 жылдығы қарсаӊында Сенат спикері парламентшілерді ядролық қаруды таратуға үзілді-кесілді "жоқ" деп айтуға шақырды: "Біз ірі мемлекеттердіӊ толық қарусыздануын, Ядролық қаруды таратпау туралы шарттыӊ орындалуын және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттыӊ тез арада күшіне енуін талап етуге құқылымыз". Қ.Тоқаев Еуразия қазіргі әлемніӊ арқауы болып табылатындығын атап өтті. Бұл - планетадағы халықтыӊ төрттен үшін қамтитын, әлемдік ЖІӨ-ніӊ 60 пайыздан астамын өндіретін және табиғи ресурстарға бай аумақты иеленіп отырған еӊ үлкен құрлық.

Сондай-ақ, Спикер Еуразияныӊ тұтастығы мен оныӊ қауіпсіздігіне назар аударды. Қару-жарақ пен адам саудасы, заӊсыз есірткі айналымы, терроризм, заӊсыз көші-қон, экологиялық апаттар сияқты қатерлерге Еуразияныӊ орасан зор аумағы мен саяси шекаралары тосқауыл бола алмайды. Еуразия мемлекеттері, БҰҰ-ныӊ әлемдік істердегі өзекті рөлін қолдап, БҰҰ Жарғысына қайшы келетін кез келген шектеу шаралары мен әскери акцияларға қарсы тұруға тиіс, деп санайды Қ. Тоқаев. Қ.Тоқаев қауіпсіздік саласындағы өӊірлік ұйымдар ? ЕҚЫҰ, ШЫҰ және АӨСШК-ніӊ маӊызды рөлін, сонымен қатар Еуразия халықтарыныӊ мүдделері жолында экономикалық ынтымақтастықты күшейту қажеттілігін атап көрсетті.

"Президент Н.Назарбаев құрылықтағы ірі интеграциялық жобаларды бір арнаға түйістіру мақсатында Үлкен Еуразия идеясын талқылауды ұсынады. Қазақстан өз тарапынан "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жобасы мен "Нұрлы жол" бағдарламасы шеӊберінде бүкіл Еуразия аумағын көліктік дәліздермен байланыстыру мақсатында автомобиль және теміржол магистральдарын салуды, логистикалық инфрақұрылымды жаӊғыртуды көздейтін ауқымды жобаларды жүзеге асыруда", - деді Төраға.

Парламенттік дипломатия рөлініӊ еселеп өсіп отырғанын айта келе, Қ.Тоқаев жаһандық тұрақсыздық дәуірінде халықтар арасындағы ізгі ниетті байланыстар мен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі маӊызды міндетті орындау заӊ шығарушылардыӊ қолынан келетін іс екенін атап көрсетті. Ол 31 мамырда Астанада түрлі елдердіӊ парламентшілері мен бүкіл әлем конфессиялары өкілдерініӊ қатысуымен өркениеттердіӊ диалогы мен өзара іс-қимылын нығайту мақсатында "Діндер терроризмге қарсы" атты конференция өтетіні туралы хабардар етті. Форумныӊ соӊында Еуразия елдері Парламенттері спикерлерініӊ Бірінші кеӊесініӊ Қорытынды мәлімдемесі қабылданды. Қ.Тоқаевтыӊ сөйлеген сөзініӊ толық мәтіні қоса берілді. Президент Н.Назарбаевтыӊ "Илем. ХХІ ғасыр" атты манифесі форумға қатысушыларға таратылып берілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны