31.08.2016, 15:10 7083

Қ. Тоқаев Пагуош қозғалысыныӊ басшысын қабылдады

1957 жылы құрылған Пагуош қозғалысы бейбітшілік, қарусыздану, қауіпсіздік және жаһандық ауқымдағы ғылыми ынтымақтастықты жақтайтын ғалымдарды, саясаткерлерді және қоғам қайраткерлерін біріктіреді.

Астана.31 тамыз. Kazakhstan Today - Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Пагуош ғылым және халықаралық істер жөніндегі ғалымдар қозғалысыныӊ Президенті, белгілі дипломат, БҰҰ Бас Хатшысыныӊ Қарусыздандыру жөніндегі бұрынғы орынбасары Джайантха Дханапаланы қабылдады, деп хабарлады Сенаттыӊ баспасөз қызметі.

1957 жылы құрылған Пагуош қозғалысы бейбітшілік, қарусыздану, қауіпсіздік және жаһандық ауқымдағы ғылыми ынтымақтастықты жақтайтын ғалымдарды, саясаткерлерді және қоғам қайраткерлерін біріктіреді. Қозғалыс Ядролық қаруды атмосферада, ғарыш кеӊістігінде және су астында сынауға тыйым салу туралы шарт, Ядролық қаруды таратпау туралы шарт, Зымырандарға қарсы қорғаныс жүйесін шектеу туралы шарт, Қарудыӊ биологиялық және химиялық түрлеріне тыйым салу туралы конвенция, Еуропадағы жай қарулар туралы шарт секілді басқа негізгі көптарапты келісімдерді әзірлеуге және қабылдауда маӊызды рөл атқарды.

1995 жылы Ұйым Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ие болды. Қ.Тоқаевтыӊ айтуынша, Қазақстан Пагуош қозғалысыныӊ идеясы мен құндылықтарын жақтайды, сондай-ақ қозғалыстыӊ қарусыздану және қауіпсіздік саласындағы халықаралық келісімдерді әзірлеудегі және қабылдаудағы рөлін жоғары бағалайды. Кездесу барысында Қазақстан Пагуош қозғалысыныӊ 2017 жылы болатын мерейтойлық кездесуін өткізу мүмкіндігі қаралды.

Қозғалыс мүшелерініӊ Астанада сондай кездесу өткізу туралы тілек білдіруі Семей ядролық полигонын мәӊгілікке жауып, адамзатты ядролық соғыс қаупінен құтқару ісіне нақты үлес қосқан, әлемде қуаты жағынан төртінші орын алатын ядролық әлеуеттен бас тартқан біздіӊ еліміздіӊ және оныӊ басшысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ халықаралық беделіне байланысты болып отыр. Қ.Тоқаев 29 тамызда болған "Ядролық қарусыз әлем құру" халықаралық конференциясына қатысқаны және ондағы мазмұнды баяндамасына орай мейманға ризашылық білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны